Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1870 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
Кіріспедегі "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
1) 1-тармақтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Саудабаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қанат Бекмырзаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға
Бүркітбаев - Қазақстан Республикасы Көлік және
Серік Мінуәрұлы коммуникациялар министрі, төрағаның
орынбасары
Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Григорий Александрович Банкінің төрағасы, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)
Школьник - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Владимир Сергеевич индустрия және сауда министрі
Смағұлов Қайрат - Қазақстан Республикасы Премьер-
Молдрахманұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының
бірінші орынбасары
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Нұралы Сұлтанұлы ақпарат және қоғамдық келісім
вице-министрі
Медетбеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Ренат Әсембайұлы Күзет қызметінің басқарма бастығы
(келісім бойынша)
Сақыпов - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
Нұрлан Заркешұлы қоғамының президенті (келісім бойынша)
Нәсиев - Қазақстан Республикасы Көлік және
Асқар Қайратұлы коммуникациялар министрлігінің
Телекоммуникациялар және почта
департаментінің директоры
Мінікаев - Қазақстан Республикасы Қарулы
Марат Нұрғалиұлы Күштері Бас штабы басқармасының
бастығы
Мартиросов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Михаил Грантович министрлігінің Жедел-техникалық
қызметі департаменті бастығының
орынбасары
Қаратаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Шахмардан Сейітқанұлы құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігінің басқарма бастығы
Поликарпов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Олег Банкінің Ақпараттық технологиялар
Юрьевич департаментінің директоры
Слободянюк - Қазақстан Республикасы Премьер-
Анатолий Министрі Кеңсесінің Бақылау және
Ануфриевич құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
меңгерушісінің орынбасары -
ақпаратты қорғау секторының
меңгерушісі, хатшы;
"Бектасов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әбен Ағыбайұлы кіріс вице-министрі, төрағаның
орынбасары"
деген жолда "төрағаның орынбасары" деген сөз алынып тасталсын;
Жандосов Ораз Әлиұлы, Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Өртембаев Асқар Қалмұхаметұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
І "Жалпы ережелер" деген тарауда:
1-тармақта:
"мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
"стандарттарын енгізу," деген сөздерден кейін "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
ІІ "Негізгі міндеттері" деген тарауда:
4-тармақта:
екінші абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келістіру";
төртінші абзац алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші абзацтағы "ақпараттық" деген сөз "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Комиссияның құқықтары" деген бөлімнің бесінші абзацындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарауда:
5-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1870 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 221 өкімі;
2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Телекоммуникациялар жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 30, 371-құжат);
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 288 өкімі;
4. "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 502 қаулысы.