Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 30 қаңтардағы № 118 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсін:
1) 1-тармақта:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгі бағыттары бойынша қызметті үйлестiру жөніндегi комиссияның құрамына мыналар енгізiлсін:
Марченко - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары,
төраға;
Кан - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Людмила Михайловна министрлігі Ақпараттық-техникалық
қызмет департаментiнiң бастығы;
мынадай:
"Рябченко - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Олег Григорьевич ақпарат және қоғамдық келісім бiрiншi
вице-министрi";
"Исин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұрлан Құрманғалиұлы министрлігі "ҚЖАО" республикалық
мемлекеттік кәсiпорынының бас директоры"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрі";
"Исин - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық
Нұрлан Құрманғалиұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша)";
көрсетiлген құрамнан Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Әбiров Жұмахан Ақылбайұлы шығарылсын;
3-тармақтағы "Министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер "орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың он бесiншi абзацындағы "республикалық" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |