Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1389 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
мыналар Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Кәрібжанов Қайрат - Қазақстан Республикасының Көлік,
Сәлімұлы коммуникациялар және туризм
вице-министрі
Нигай Эдуард - Қазақстан Республикасы Төтенше
Михайлович жағдайлар жөніндегі агенттігінің
Астана қаласындағы уәкілетті өкілі
Тәжияқов Бисенғали - Қазақстан Республикасының
Шамғалиұлы Ұлттық Банкі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Өртембаев Асқар - Қазақстан Республикасының
Қалмұхаметұлы Премьер-Министрі орынбасарының
- Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің кеңесшісі, хатшы
"Дробжев Виктор Иванович - Қазақстан Республикасының
Ғылым министрлігі - Ғылым
Академиясы Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптама және
ақпараттық инфрақұрылымдар
департаментінің директоры"
деген жолдағы "ақпараттық" деген сөз алынып тасталсын;
"- Ғылым академиясы" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен ауыстырылсын;
Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы, Абдулина Нәйла Құрманбекқызы және Нұр-Ахмет Досмұхамет көрсетілген құрамнан шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
I "Жалпы ережелер" тарауының 2-тармағында:
"Көлік, коммуникациялар министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің" деген сөздермен;
"- Ғылым академиясының" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен;
"Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тараудағы 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" деген сөздер "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі