Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 122 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тілеубердин - Қазақстан Республикасының
Алтай Абылайұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Басшысы, төраға;
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Көлік және коммуникациялар
министрі, төрағаның
орынбасары;
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Экономика және сауда
вице-министрі;
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім
вице-министрі;
Жанайдаров - Қазақстан Республикасының
Амангелді Сұлтанұлы Президенті Күзет қызметінің
басқарма бастығы
(келісім бойынша);
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі;
Қыпшақбаев - "Радиоэлектроника және
Әбдел Исаұлы байланыс жөніндегі ұлттық
орталық" жабық акционерлік
қоғамының бас директоры;
Әбсәметов - Қазақстан Республикасының
Меліс Құдысұлы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым департаментінің
директоры;
Поспелов - Қазақстан Республикасы
Николай Николаевич Қорғаныс министрінің
орынбасары;
Қанешев - Қазақстан Республикасының
Біржан Бисекенұлы Көлік және коммуникациялар
министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру жөніндегі
комитетінің төрағасы;
Гусак - "Ұлттық ақпараттық
Дмитрий Иосифович технологиялар" жабық
акционерлік қоғамының
президенті;
Бектасов - Қазақстан Республикасының
Әділбек Қатаямұлы Қаржы министрлігі Қазына-
шылық комитеті төрағасының
орынбасары;
Исин - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Құрманғалиұлы Қаржы министрлігі "ҚЖАО"
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры;
Евсюков - Қазақстан Республикасының
Александр Васильевич Мемлекеттік кіріс министрлігі
Ақпараттық технологиялар
департаментінің директоры;
"Жақыпов - Қазақстан Республикасы
Мірболат Хабиұлы" Президентінің Әкімшілігі
Жалпы бөлімнің меңгерушісі"
деген жолда "меңгерушісі" деген сөзден кейін "төрағаның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бектасов Әбен Ағыбайұлы" - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс вице-
министрі;
деген жолда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс
вице-министрі" деген сөздер "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының
президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Құзытбаева - Қазақстан Республикасының
Ажар Қилымбекқызы Көлік және коммуникациялар
вице-министрі"
деген жолда "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев, Серік Мінуәрұлы Бүркітбаев, Владимир Сергеевич Школьник, Ораз Әлиұлы Жандосов, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Қайрат Молдрахманұлы Смағұлов, Ренат Әсембайұлы Медетбеков, Нұрлан Заркешұлы Сақыпов, Асқар Қайратұлы Нәсиев, Марат Нұрғалиұлы Мінікаев, Александр Сергеевич Судьин, Данияр Рүстемұлы Әбілғазин, Мерей Құрманұлы Уәйісов, Виктор Иванович Дробжев, Рәшид Алтайұлы Аманжолов, Нәйла Құрманбекқызы Абдулина шығарылсын;
2) Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
І "Жалпы ережелер" деген тараудағы:
2-тармақта:
"Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
", Көлік және коммуникациялар министрлігі," және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздерден кейін тиісінше ", Экономика және сауда министрлігі" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген сөздермен толықтырылсын;
ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тараудағы:
12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген сөздер "Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі