Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 31 желтоқсандағы № 1384
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 18 ақпандағы № 227 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Нәлібаев - Қазақстан Республикасы
Әбдіқалық Зәкірұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары;
Жақыпбеков - Қазақстан Республикасы
Сембек Сәбетұлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Үкіметтік байланысты
қамтамасыз ету орталығы
бастығының бірінші
орынбасары (келісім бойынша);
Әбіров - Қазақстан Республикасының Ішкі
Жұмахан Ақылбайұлы істер министрлігі Техникалық
қызмет департаментінің бастығы;
Уатай - Қазақстан Республикасының
Базарбек Уатайұлы Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттігі Стратегиялық
жоспарлау және бақылау
департаментінің директоры
(келісім бойынша);
Степанова - Қазақстан Республикасының
Валентина Алексеевна Әділет министрлігінің
"Республикалық құқықтық
ақпараттандыру орталығы"
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры;
Құрманов - "Зейнетақы төлеу жөніндегі
Алмас Мұхаметкәрімұлы мемлекеттік орталық"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының
бас директоры;
көрсетілген құрамнан Қадыржан Нәжентайұлы Асанов, Михаил Грантович Мартиросов, Қайрат Молдрахманұлы Смағұлов, Ардақ Қасымқұлұлы Тұрғанқұлов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов |