“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 478 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға
Сәрсембаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмiрзақ Нұрғалиұлы Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және
инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы,
хатшы
Жуат - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мұратхан Жуатұлы Әкiмшiлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау
және ақпараттандыру бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келісім бойынша)
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Асхат Қайзоллаұлы орынбасары (келісім бойынша)
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы қызмет iстерi агенттігі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Сақалов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Болат Зиядаұлы аппараты басшысының орынбасары (келісім
бойынша)
Жоламан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Рүстем Қабидоллаұлы ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бiрiншi вице-
министрi
Кесiкбаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Сұлтанғали Қабденұлы ортаны қорғау бiрiншi вице-министрi
Әбдiқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Амангелдиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ардақ Амангелдiұлы сақтау вице-министрi
Әмiрин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Кемеңгерұлы министрi
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Жақып Қажманұлы министрi
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білім және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Зверьков - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович министрінің орынбасары
Төртаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы агенттiгі төрағасының орынбасары
Нефедов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Алексей Петрович монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Бөкенов - Алматы қаласы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Қайрат Ахмадиұлы
Долженков - Алматы облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Виктор Анатольевич
Савченко - Жамбыл облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Александр Георгиевич
Әбдiбеков - Ақтөбе облысы әкімінiң орынбасары
Нұрмұхамбет Қанапияұлы
Бочин - Павлодар облысы әкімінiң орынбасары
Виктор Захарович
Бортник - Маңғыстау облысы әкімінiң орынбасары
Михаил Михаилович
Ыдырысов - Қызылорда облысы әкімінiң орынбасары
Құттықожа Ыдырысұлы
Качало - Батыс Қазақстан облысы әкімінiң
Станислав Павлович орынбасары
Төлебаев - Астана қаласы әкімінiң орынбасары
Марат Еркiнұлы
Тоғжанов - Қарағанды облысы әкімінiң орынбасары
Ералы Лұқпанұлы
Тұрғымбеков - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Әуелхан Елтайұлы аппаратының басшысы
Политкин - Ақмола облысының әкімі аппаратының
Николай Афанасьевич басшысы
Нақпаев - Атырау облысының әкімі аппаратының
Сәлiмжан Жұмашұлы басшысы
Мұрзалин - Солтүстiк Қазақстан облысының әкімі
Мәлiк Кеңесбайұлы аппаратының басшысы
Ко - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң аппараты
Константин Валентинович басшысының орынбасары
Бишiғаев - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының
Асқар Дарушұлы бизнестi дамыту жөніндегі вице-президентi
(келісім бойынша)
Молдағалиев - "Қазпочта" акционерлік қоғамының
Дәурен Тұманбайұлы басқармасы төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Баишева - "Цеснабанк" акционерлік қоғамының
Вера Ивановна басқармасы төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Өскенбаева - "Каспий банкi" акционерлік қоғамының
Анар Максимқызы басқарушы директоры (келісім бойынша)
Шамұратов - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының
Ермек Насырединұлы басқарушы директоры (келісім бойынша);
мына:
"Бектасов - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
Әбен Ағыбайұлы қоғамының президентi"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары";
мына:
"Жақыпов - Қазақстан Республикасының Президентi
Мирболат Хабиұлы Әкiмшiлiгi Кеңсесiнiң Жалпы бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келісім бойынша)
деген жолда "Кеңсесiнiң" деген сөз алынып тасталсын;
мына:
"Исин - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық
Нұрлан Құрманғалиұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісiм бойынша)"
деген жолда "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
мына:
"Щелконогов - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
Игорь Рудольфович басқармасының Жалпы бөлiмi ақпараттандыру
секторының меңгерушiсi (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Щелконогов - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
Игорь Рудольфович басқармасының бюджеттік жоспарлау және
қаржылық бақылау бөлiмі ақпараттандыру,
компьютерлендiру секторының меңгерушiсi
(келісім бойынша)";
көрсетiлген құрамнан Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Канешев Бiржан Бисекенұлы, Жандосов Ораз Әлиұлы, Келiмбетов Қайрат Нематұлы, Маханбетәжиев Батыр Әпенұлы, Шалахметов Ғадiлбек Минажұлы, Кәрентаев Ермек Амангелдіұлы, Нәлібаев Әбдiқалық Зәкiрұлы, Рябченко Олег Григорьевич, Ержанов Бақыт Ахметұлы, Молчанов Сергей Николаевич, Могильный Валерий Валентинович, Жақыпбеков Сембек Сәбетұлы, Кан Людмила Михайловна, Степанова Валентина Алексеевна, Құрманов Алмас Мұхаметкәрiмұлы, Дунаев Асқар Ғалиасқарұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын іске асыру мақсатында құрылады";
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақта:
екiншi абзацтағы "Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегі жұмыс пен" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қалыптастыру мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келiстiру" деген сөздер "жоспарлары мен бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға "ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу";
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу";
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"деректердi электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсiздiктi" жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейiн арттыру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу";
алтыншы абзацтағы "бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi" деген сөздер "ақпараттық қоғамды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестiру";
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн "электрондық үкiмет" қалыптастырудың және "ақпараттық қоғамды" дамытудың проблемалары жөнiнде материалдар мен ұсынымдар дайындау";
оныншы абзацтағы "Бiртұтас ақпараттық кеңiстiк құрудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiнде" деген сөздер "электрондық үкiмет" қалыптастыру, мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғам" дамыту жөнiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзацтағы "мекемелермен келісім бойынша" деген сөздерден кейiн "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен" деген сөздермен толықтырылсын, "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздер алынып тасталсын;
он екiншi абзацтағы "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздер "электрондық үкiмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы "мемлекеттік мекемелерде" деген сөздерден кейiн "электрондық үкіметін" базалық құрамдас бөлiктерiн, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
он бесiншi және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгiзiлген өзге де ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен сараптамалар жүргiзу мен консультациялар үшiн келісім бойынша тиiстi бейіндегі мамандарды тартады және қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастырады;
"электрондық үкiмет" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн бюджет қаражатын, директивалық кредиттердi және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерiн (оның iшiнде қарыздар) пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi";
"Комиссияның құқығы" деген бөлiмше алынып тасталсын;
5-тармақтағы "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "мәжілістерiн" деген сөзден кейiн "мәжілістiң бекітілген жоспарына сәйкес және" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне жүктелсiн".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |