«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 Қаулысы
(2020.27.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қордың меншігінде тұрған акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен:
қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтерін;
әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын;
қызметтік іссапарларға жіберілетін тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметкерлеріне шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттарын;
қызметкерлерге ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезінде тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаражаты есебінен өтелетін шығыстардың лимиттерін;
тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын Қормен келісу міндеттілігін;
өкілдік шығыстардың лимиттерін белгілеу ұсынылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
№ 1048 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 108, 123-69 және 123-92-жолдар алынып тасталсын.
2. «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат):
Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 6, 7 және 10-жолдар алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2018.11.08. № 502 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):
1-тармақтың бірінші абзацында:
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» деген сөздер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және «Қазына» орнықты даму қоры» деген сөздер алынып тасталсын.
7. «Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 568-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы «Даму институттарын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті» деген сөздермен толықтырылсын;
Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу ережесінде:
тақырыбы «Даму институттарын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта «даму институттарын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 362 қаулысында:
1-тармақ алынып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:
1-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы ережесінде:
2-тармақта «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі», «Қазына» орнықты даму қоры,» және «және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамдары алынып тасталсын.
10. ҚР Үкіметінің 2020.27.03. № 142 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. «Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 348 қаулысында:
3-тармақта «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі», «Қазына» орнықты даму қоры» деген сөздер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1183 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
13. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілері бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ акциялар пакетінің 100%».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
№ 1048 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік акционерлік, соның ішінде холдинг компанияларының қызметін орталық мемлекеттік басқару органдарының реттеуі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 ақпандағы № 197 қаулысы.
2. «Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 1064 қаулысы.
3. «Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды сайлаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 591 қаулысы.
4. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысы.
5. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысы.
6. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 386 қаулысы.
7. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 873 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 603 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 865 қаулысы.
10. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1013 қаулысы.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 1178 қаулысы.
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 ақпандағы № 80 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 229 қаулысы.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 109-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3 және 4-тармақтары.
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 873 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 717 қаулысы.
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 797 қаулысы.
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 4-тармақтары.
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 298 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары және 4-тармағының 1), 2) және 5) тармақшалары.
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 576 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 8-тармағының 2) тармақшасы.
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 635 қаулысының 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары.
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 692 қаулысы.
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі № 826 қаулысы.