«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1013 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ричард Эванс - тәуелсіз директор, төраға».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |