Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 692 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:
«Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |