«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257
қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 603 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша:
«Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі» деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |