«Қазына» орнықты даму қоры» акциоиерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 Қаулысы
(2008.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
екі ай мерзімде үшінші тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 347 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 865; 2007.03.02. № 80 (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03 № 229 (бұр. ред. қара); 2007.12.09. № 797 (бұр.ред.қара); 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара); 2008.28.03 № 298 (бұр.ред.қара); 2008.08.09. № 826 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен қосымша өзгертілді
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамы
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |
Мирчев Александр Васильевич | - тәуелсіз директор |
Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі |
Михаэль Ноймайр | - тәуелсіз директор |
Марк Лоранс Хольцман | - тәуелсіз директор |
Ульф Вокурка | - тәуелсіз директор |