Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 635 Қаулысы
(2008.12.11. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары |
болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын.
3) ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |