Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 Қаулысы
(2014.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 829 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде:
үшінші абзацта:
«басшыларының орынбасарлары», «атқарушы директоры» деген сөздер «бірінші басшылары», «басқарма төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржы» деген сөзден кейін «, Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазына» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
үшінші абзацта:
«басшыларының орынбасарлары» деген сөздер «бірінші басшылары», деген сөздермен ауыстырылсын;
«Индустрия және сауда» деген сөздерден кейін «, Қаржы» деген сөзбен толықтырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» «ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
үшінші абзацтағы «(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
«Кеңестердің қызметін ұйымдастыру» деген 4-бөлімде:
7-тармақта «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «немесе оның орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» |
мына:
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі»; |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
мына:
«Оспанов Берік Серікұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық саясат және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы департаментінің директоры, хатшы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Оспанов Берік Серікұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы және аграрлық ғылым департаментінің директоры, хатшы»; |
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын;
5) ҚР Үкіметінің 2008. 12.11. № 1080 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; |
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самғау» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Самғау» холдингі» АҚ-ның басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
төртінші абзацтағы «өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. ҚР Үкіметінің 2008. 12.11. № 1080 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)