«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 873 Қаулысы
(2007.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазына» АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 7-бөлімде:
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Компаниялардың Директорлар кеңестерінің (қадағалаушы кеңестің) екі мүшесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша «Қазына» АҚ сайлайды.«.
2. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестерінің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің құрамдарына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды тұлғаларды сайлау ұсынылсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 873 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2007 ж .26 наурыздағы № 229 Қаулысымен 1 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара )
Кейбір акңионерлік қоғамдардың директорлар кеңестерінің және жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің құрамдарына сайлауға ұсынылатын
лауазымды тұлғалар
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғам:
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Ержанов Бақыт Ахметұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инновациялық дамыту департаментінің директоры.
2. «Инвестициялық компания: Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғам:
Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Ержанов Бақыт Ахметұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инновациялық дамыту департаментінің директоры.
3. «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғам:
Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
4. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғам:
Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Құлсейтов Айдын Жеңісұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі иидустриалдық саясат департаментінің директоры.
5. «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғам:
Ерғожин Дәулет Eділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Сейдәлі Нұрлан Жарылқасынұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаментінің директоры.
6. «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Нұрашев Тимур Бекболатұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 873 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесi
1. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысының 2-тармағы.
2. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 914 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 432 қаулысы.
4. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 719 қаулысы.
5. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі № 721 қаулысы.
6. «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 821 қаулысы.
7. «Маркетингтік-талдау зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 981 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1217 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының үшінші және төртінші абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 22, 284-құжат).
10. «Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары директорлар кеңестерінің құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 791 қаулысы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 28, 370-кұжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 827 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтары.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 821 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 1214 қаулысы.
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі № 721 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1358 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі № 721 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 85 қаулысы.
15. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 3 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 13, 140-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 417 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 967 қаулысы.
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қазандағы № 1050 қаулысы.
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қарашадағы № 1090 қаулысы.