«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 20 қазандағы № 1050 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы №1175 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Имашев Берік Мәжітұлы - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Манақбай Толымбек - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |