Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 7 мамырдағы № 432 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (орыс тіліндегі мәтінін қара) (бұр.ред.қара)
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1 және 2-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы 2) тармақшасының алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен қосымшаның күші жойылды (орыс тіліндегі мәтінін қара) (бұр.ред.қара)