«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 шiлдедегi № 721
қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 2 ақпандағы № 85 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шiлдедегi № 721 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсiн:
1-тармақта:
"Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д.К. Ахметов |