"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі № 721 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791;03.08.04 ж. № 827; 24.12.04 ж. № 1358;
2005.02.02 № 85; 2005.19.03 № 250 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 (бұр. ред. қара); 03.08.04 ж. № 827 (бұр. ред. қара); 24.12.04 ж. № 1358 ; 2005.02.02 № 85; 2005.19.03 № 250 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы
Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Азамат Рысқұлұлы Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |