«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі № 721
қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1358 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі № 721 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
«Әмірин Ғұсман Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға;
Евгений Евгеньевич Доминов - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға;»;
Әмірин Ғұсман Кәрімұлы - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі