Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 тамыздағы № 827 Қаулысы
(2006.15.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 3 тамыздағы
№ 827 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізілетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қазандағы № 1064 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Ғұсман Кәрiмүлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;";
"Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;".