«Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 981 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791; 2005.19.03 № 250 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 (бұр. ред. қара) ; 2005.19.03 № 250 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесi мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Тоқаев Ақбар Қуанышбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Жиынтық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Құсайынов Нұрлан Жетпiсұлы - "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |