Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28
қазандағы № 1626 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172; 26.11.03 ж.
№ 1180 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172; 26.11.03 ж. № 1180 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
"Басқа ұйымдар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 55-2-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
"Мұражайлар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 19 "Алтын және қымбат бағалы металдар мұражайы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы";
3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiндегi:
6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы 25".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі