Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі № 500 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 22.02.00 ж. № 275; 28.03.00 ж. № 449;
29.09.00 ж. № 1477; 27.10.00 ж. № 1620; 28.10.00 ж. № 1626; 18.01.01 ж.
№ 67; 28.10.01 ж. № 1366; 19.11.01 ж. № 1479; 11.04.02 ж. № 417;
23.01.03 ж. № 84; 03.07.03 ж. № 651; 04.07.03 ж. № 654; 20.08.03 ж. № 836;
27.08.03 ж. № 872 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы № 1172 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1366; 27.08.03 ж. № 872 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже;
2) алынып тасталды
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тізбесі
2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы № 525 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 17, 155-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі
№ 500 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Мәдениет комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 04.07.03 ж. № 654 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) мәдениет саласында, оның ішінде тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, саланы реформалауды жүзеге асыру;
2) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және тарату туралы қамқорлық;
3) өз қызметінің саласында заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мәдениет саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
4) мәдениет саласындағы өнім мен қызмет көрсетулердің отандық рыногын зерделеу, талдау және болжамдау;
5) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде кино, -бейнефильмдер шығаруы үшін ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, бұл туындылардың жоғары кәсіби және көркемдік деңгейін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде таратуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
6) өз құзыретінің шегінде мәдени құндылықтарды еркін пайдалануды қамтамасыз ету;
7) мәдениет саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу;
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, кино және бейне туындылардың тізілімін жасау;
9) фестивальдар, байқаулар, конкурстар, айтыстар және мәдениетті өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өнер туындыларын жасауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады, көркемдігі жоғары кино, драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнері, бедерлік-қолданбалы өнер, эстрадалық және цирк өнері туындыларының жасалуын қамтамасыз ететін конкурстар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастырады;
2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде жасаған кино, бейнефильмдеріне тіркеу куәліктерін береді;
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдаланудың тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және өз құзыретінің шегінде бекітеді;
4) мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне құрметті атақтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныс енгізеді;
5) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) өз құзыретінің шегінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, азаматтардан өзінің функцияларын орындауы үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
3) көп жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға қатысуға;
4) мемлекеттік тапсырыстардың шеңберінде жасалатын кино, бейне туындыларды қарау және олар бойынша қорытындылар беру жөніндегі сарапшылар комиссиясын құруға;
5) республикада фестивальдар өткізуге және шетелде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және көркемөнерпаздар шығармашылығы күдерін, көркемдік ұжымдар мен орындаушылардың конкурстарын, байқауларды және Қазақстан Республикасы мәдениетінің жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
6) археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын лицензиялауды жүргізуге, сондай-ақ мәдени құндылықтарды әкелуге және әкетуге рұқсат беруге;
7) кәсіби шығармашылық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардың мәдениет мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге;
8) мәдениет саласындағы мемлекеттік ұйымдар жанындағы мәдениет туындыларының қорларын іріктеу, жинақтау және сақтау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;
9) мәдениетті экономикалық және әлеуметтік дамытудың бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға, мақсатты бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін республикалық бюджеттің қаражатын бөлу туралы ұсыныстар енгізуге, оның ұтымды пайдаланылуын бақылауға қатысуға;
10) клубтар, кітапханалар, кинотеатрлар және басқа да мәдениет объектілерін жобалау және құрылысын салу жөнінде ұсыныстар енгізуге және өз құзыретінің шегінде қарауға;
11) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыруға;
12) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге құқы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгінiң ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 04.07.03 ж. № 654 қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді
18. Төраға осы мақсатта:
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыретінің шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
5) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені , сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғысын бекітеді.
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік органды білдіреді;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
19. Комитетте сандық құрамын Министр, ал жеке құрамын Комитеттің Төрағасы белгілейтін консультативтік-кеңесші орган - Алқа құрылады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі
№ 500 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен осы тізбенің күші жойылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың
Тізбесі
ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. № 275; 28.03.00 ж. № 449; 29.09.00 ж. № 1477; 27.10.00 ж. № 1620; 28.10.00 ж. № 1626; 18.01.01 ж. № 67; 19.11.01 ж. № 1479; 11.04.02 ж. № 417; 23.01.03 ж. № 84; 03.07.03 ж. № 651; 20.08.03 ж. № 836 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Театрлар
1. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
2. М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
3. М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
4. Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
5. Н.Сан атындағы академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры
6. Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
7. Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры
8. Республикалық неміс драма театры
9. Мемлекеттік қуыршақ театры
9-1. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры.<*>
Концерттік ұйымдар
10. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы
11. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігі
12. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі
13. Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі
14. "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблі
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры
16. "Гүлдер" ансамблі
16-1. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі
Мұражайлар
17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы
18. Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы
19. Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы
20. Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы
21. Бірегей музыкалық шекті аспаптар мемлекеттік коллекциясы
22. Республикалық кітап мұражайы
23. Көркемсурет көрмелерi дирекциясы
24. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдебиет-мемориалдық мұражай кешені
24-1. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
24-2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы
Кино
25. алынып тасталды
26. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы
27. алынып тасталды
28. алынып тасталды
Тарихи-мәдени қорықтар
29. Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы
30. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы
31. алынып тасталды
32. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы
33. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы
34. Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы
35. "Көне Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы
Кітапханалар
36. Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы
37. Жамбыл атындағы республикалық мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
38. С.Бегалин атындағы республикалық мемлекеттік балалар кітапханасы
39. Республикалық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасы
Өзге де ұйымдар
40. Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді мемлекеттік қолдау қоры
41. Қазақ мәдениеті мен өнертану ғылыми-зерттеу институты
42. Республика Сарайы
43. Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламаларының дирекциясы
44. Материалды мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты
45. Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтіру басқармасы
46. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1366 қаулысымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің құрылымы күшін жойды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі
№ 500 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің
Құрылымы
Басшылық
Музыка өнері және шетелдермен байланыс бөлімі
Театр өнері және кинематография бөлімі
Тарихи-мәдени мұралар, мұражай және кітапхана жұмысы бөлімі
Экономика және қаржы бөлімі
Ақпараттық талдау және ұйымдастыру, кадр жұмысы бөлімі.