Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 және 2000
жылғы 28 наурыздағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 4 шілдедегі № 654 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2.";
18-тармақтың 5) тармақшасындағы ", сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғысын" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 наурыздағы № 449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 17, 175-құжат):
4-тармақтағы ", сонымен қатар оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |