Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 қыркүйектегі № 1477 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 512-32-жолмен толықтырылсын:
"512-32 "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";
2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
"Театрлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
"9-1. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі