«Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 3 шілдедегі № 651 қаулысы
(2003.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 512-25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«512-25 «Көркемсурет
көрмелерi дирекциясы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Көркемсурет көрмелерi дирекциясы».
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» РМҚК-ны әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз eтсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |