9) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшемдердi орындау әдiстемесiн және басқа да метрологиялық жұмыстарды аттестаттау құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiн тiркеудi жүргiзедi;
10) сертификаттау және сертификаттық сынақтар бойынша жұмыстарды жүргiзу құқығына ұйымдарды тіркеуді жүргiзедi;
11) бастапқы салыстырып тексеру құқығына техникалық біліктiлiктi тануды жүргiзедi;
12) сертификаттау және метрология жөніндегі сарапшы-аудиторлар ретiнде мамандарды аттестаттау жүргiзедi;
13) өлшемдердiң, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудiң, өнiмдердi, өндiрiстiк қызмет көрсетулердi және сапа жүйелерiн сертификаттаудың, сертификаттау сынақтарының орындалу әдiстемелерiн аттестаттау құқығына заңды тұлғаларды тiркеу тәртібін белгiлейдi;
14) өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялайды;
15) стандарттау, метрология, сертификаттау, тiркеу, сапа жүйесi, мемлекеттік қадағалау мен инспекциялық бақылау саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды үйлестiруге қатысады көрсетiлген бағыттар бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу бағдарламаларын келiседi;
16) саудадағы техникалық кедергiлердi жою мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) өз құзыретiнiң шегiнде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiредi;
18) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтiк құжаттарды тiркеудi жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасы стандарттарының, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және басқа да елдердiң ұлттық стандарттарының мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын шығаруды, қайта шығаруды және таратуды ұйымдастырады;
21) өнiмге және шығарылатын өлшем құралдарына тiркелген нормативтiк құжаттар туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттар талаптарының өзгерістерi туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық сiлтемелердің басылып шығарылуын ұйымдастырады;
22) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүше елдерiне, Қазақстанның пiкiрi бойынша, сауда қатынастарында техникалық кедергiлер келтiруi мүмкiн әзiрленетiн жобалар мен қолданылып жүрген халықаралық және аймақтық нормативтiк құжаттарға түсiнiктемелер (пiкiрлер) жолдайды;
23) өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мiндеттi талаптарының, сертификаттау ережелерінің, метрологиялық ережелердің сақталуына мемлекеттік қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
24) көптеп шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына топтап әкелiнетiн өлшем құралдарының үлгiлерiн бекiтедi;
25) азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондарының мемлекеттік кадастрын әзiрлеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ оны шығаруды және жүргiзудi ұйымдастырады;
26) мемлекеттік стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жүйелерінің тiзiлiмдерiн жүргiзедi;
27) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз құзыретiнің шегiнде өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға және әзiрлеуге;
2) стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлігінің халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметін үйлестiрудi жүзеге асыруға қатысуға;
3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiруге;
4) өз құзыреті шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға;
5) өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйі мен қолданылуына мемлекеттік қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға және кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
6) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылу фактілерi анықталған кезде заңды және жеке тұлғаларға ықпал етудiң заңнамалық кесiмдерде айқындалған шаралар қолдану жөніндегі шешiмдер қабылдауға;
7) өнiмдер мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайларда, оларды жою жөніндегi комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен қатысуға;
8) басқа мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы бiрлескен жұмыстар үшiн шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды тартуға;
9) өлшем құралдарының үлгiлерiн бекіту сертификаттарын, тауардың шығу сертификаттарын беруге;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі сынақ орталықтарын, салыстырып тексеру зертханаларын және сертификаттау жөніндегі органдарын тiркеудi жүргiзуге, шетел сертификаттарын тану шарттарын әзiрлеуге;
11) стандарттау жөніндегі жеке және заңды тұлғалармен, техникалық комитеттермен өзара әрекет етуге;
12) Үкіметтің шешiмi бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болуға және Комитет құзыретiнiң аясында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акциялардың мемлекеттік пакеттерiн иеленуге және пайдалануды жүзеге асыруға;
13) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптастырылады.
13. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетінше оқшаулауға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын eкі орынбасары болады.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 951 қаулысымен 17-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
17. Төраға лауазымы бойынша, стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарлары лауазымдары бойынша, стандарттау және өлшем құралдары жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын қадағалау жөнiнде Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Комитеттің аумақтық бөлімшелерiнің басшылары тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттау және өлшем құралдары бойынша нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақталуын қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
18. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершілiкте болады.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 951 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Төраға осы мақсатта:
1) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының және орынбасарларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелерiн бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
7) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
20. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлігі Сауда комитетiнің құрылымы
Басшылық;
Сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингi басқармасы;
Iшкi сауда басқармасы.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Шағын бизнесті қолдау жөніндегi комитетінің құрылымы
Басшылық;
Шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) үйлестiру және қорғау басқармасы;
Шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) дамытудың стратегиясы басқармасы.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Инвестициялар жөніндегі комитетiнiң құрылымы
Басшылық;
Стратегия және инвестициялық саясат басқармасы;
Инвестициялық жобаларды талдау және олардың мониторингi басқармасы.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 951 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 23.12.03 ж. № 1302 қаулысымен құрылым өзгертілді
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс iстерi жөніндегi комитетiнің құрылымы
Басшылық
Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және құқықтық жұмыстар басқармасы
Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы
Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы
Тұрғын үй саясаты және тұрғын үй-коммуналдық сала басқармасы
Жұмыстарды қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Қорғаныс өнеркәсiбi комитетінің құрылымы
Басшылық;
Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту басқармасы;
Ұйымдастыру-талдау жұмысы басқармасы.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 951 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік қадағалау басқармасы
Стандарттау, метрология, сертификаттау және техникалық саясат басқармасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының
тiзбесi
1. Ақмола облысы бойынша Индустрия, сауда Көкшетау қ.
және шағын бизнестi қолдау департаменті
2. Ақтөбе облысы бойынша Индустрия, сауда Ақтөбе қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
3. Алматы облысы бойынша Индустрия, сауда Талдықорған қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
4. Атырау облысы бойынша Индустрия, сауда Атырау қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, Өскемен қ.
сауда және шағын бизнестi қолдау
департаментi
6. Жамбыл облысы бойынша Индустрия, сауда Тараз қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, Орал қ.
сауда және шағын бизнестi қолдау
департаментi
8. Қарағанды облысы бойынша Индустрия, сауда Қарағанды қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
9. Қызылорда облысы бойынша Индустрия, сауда Қызылорда қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
10. Қостанай облысы бойынша Индустрия, сауда Қостанай қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
11. Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда Ақтау қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
12. Павлодар облысы бойынша Индустрия, сауда Павлодар қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
13. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Петропавл қ.
Индустрия, сауда және шағын бизнестi
қолдау департаментi
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Шымкент қ.
Индустрия, сауда және шағын бизнестi
қолдау департаментi
15. Астана қаласы бойынша Индустрия, сауда Астана қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
16. Алматы қаласы бойынша Индустрия, сауда Алматы қ.
және шағын бизнестi қолдау департаментi
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.07.03 ж. № 752 қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс iстерi жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы (Мемсараптама) республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы.
2. "Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты (ҚазСҚСҒЗИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) ("Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ" РМК), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғам
"Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" ашық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 13 наурыздағы № 244 қаулысымен Тізбе алынып тасталды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiнің қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. С.М. Киров атындағы "Машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы;
2. "ЗИКСТО" ашық акционерлік қоғамы, Петропавл қаласы;
3. "С.М. Киров атындағы зауыт ӨБ" ашық акционерлік қоғамы, Петропавл қаласы;
4. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Петропавл қаласы;
5. "Металлист" Орал зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Орал қаласы;
6. "Зенит" Орал зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Орал қаласы;
7. "Омега" ашық акционерлік қоғамы, Орал қаласы;
8. "Гидроприбор ҒЗИ" ашық акционерлік қоғамы, Орал қаласы;
9. "Шельф" ашық акционерлік қоғамы, Атырау қаласы;
10. "Наука-Восток" ашық акционерлік қоғамы, Көкшетау қаласы;
11. "Тыныс" ашық акционерлік қоғамы, Көкшетау қаласы;
12. "Семей машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамы, Семей қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi
комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң "Республикалық стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетiнің "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнің
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 1363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 422-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтiк бақылау жөніндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегi № 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 427-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерiс мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1775 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 шілдедегi № 904 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 26, 312-құжат).
5. "Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш материалдардың өндiрiсiн және оның айналымын мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi № 1264 қаулысының 4-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 487-құжат).
7. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 126 қаулысының 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 33-құжат).