Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1302 қаулысы
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес, сондай-ақ тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық саланы басқару саласында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтағы "құрылысты," деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саланы," деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
1) тармақша "және құрылыста," деген сөздерден кейін "тұрғын үй-коммуналдық салада," деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "аясында өнеркәсіп және құрылыс салаларын" деген сөздер "шегінде өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшадағы "саласындағы" деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада:
бірінші абзац "құрылысты" деген сөзден кейін ", тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац "құрылыс қызметі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 1) тармақшасы "құрылысты," деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саланы," деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті туралы ережеде:
1-тармақ "саласында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық салада" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
1) тармақшада:
"саласындағы" деген сөз "аясындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мемлекеттік" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшадағы "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "және құрылыс қызметін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "құрылыс" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) тұрғын үй-коммуналдық салада нормативтік-техникалық құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу";
9) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін "және тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақша "бақылауын" деген сөзден кейін "(инспекциялауды)" деген сөзбен толықтырылсын;
11-тармақта:
2) тармақшада:
"саласындағы" деген сөз "аясындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"нормативтік" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша "қызметі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саласын" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада "және құрылыс саласында" деген сөздер ", құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Комитетте мыналар:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес;
2) сәулет-қала құрылысы кеңесі;
3) техникалық проблемаларды шешуге және сейсмикалық төзімді құрылысқа байланысты мәселелерді қарау үшін сарапшылық комиссия құрылады";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымында:
"Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы" деген жолдағы "тұрғын үй саясаты" деген сөздер "құқықтық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Тұрғын үй саясаты және тұрғын үй-коммуналдық сала басқармасы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |