Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы № 1775 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне" бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-20 және 118-21 жолдармен толықтырылсын:
"118-20 АЛА-000283 "№ 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ
(Алматы қаласы)
118-21 АКТ-000128 "Азаматтық авиацияның № 406
авиажөндеу зауыты" ААҚ
(Ақтөбе қаласы)";
2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 1363 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 422-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
"№ 406 авиациялық-техникалық орталық" ААҚ (Ақтөбе қаласы)" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі