5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiк беруге;
6) белгіленген тәртіппен заңнамада көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
3. Комитеттің мүлкі
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ оның құны Комитет теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен қалыптасады.
13. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттің, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
17. Комитет Төрағасы Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауап бередi.
18. Комитет Төрағасы осы мақсатта:
1) орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптік жаза қолданады;
4) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
5) өз құзыретiнің шегінде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
6) өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
19. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Инвестициялар жөніндегi комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асырушы ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланктерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджетке жiберiледi.
2. Комитеттiң негізгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттiң негiзгi міндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
2) елде инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды әзiрлеу және iске асыру, инвестициялар тартуға ықпал ететiн құқықтық және өзге де жағдайлар жасау;
3) инвесторлармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестiру;
4) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi қызметiн қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік бағдарламаларды, басымды жобаларды iске асыру үшiн, соның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары және донор елдер беретiн заемдар мен гранттар есебiнен қаржы ресурстарын тартуға жәрдемдесу;
6) инвесторлармен өзара iс-қимылдың тиiмдi жүйесiн құру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген кепілдiктердi сақтауды, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
10. Комитет заңнамамен белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) инвестициялар ағыны қозғалысына талдау жүргiзедi әрi оларды тартудың және көтермелеудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған шараларды iске асыру жөнiнде, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
3) инвестициялық қызмет мәселелерi жөнiнде халықаралық келісімдер дайындауды және жасасуды қамтамасыз етедi;
4) Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi туралы жарнама-ақпараттық кампания жүргiзедi;
5) Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiнен алынған ұсыныстар мен жобаларды қорытады, талдайды және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында заңнамада белгiленген тәртіппен одан әрi жылжытуды қамтамасыз етедi, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп инвестициялар тарту және пайдалану жөнiнде есеп және есептеме ұйымдастырады;
7) қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға сотқа дейiнгi тәртiппен шет елдерде шаруашылық дауларды реттеуде көмек көрсетедi;
8) шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға сотқа дейiнгi тәртiппен Қазақстан Республикасында шаруашылық дауларды реттеуде көмек көрсетедi;
9) Қазақстан Республикасының жетiстiктерi мен инвестициялық мүмкiндiктерiн танымал ету және насихаттау мақсатымен Қазақстанда және шет елдерде мүдделі мемлекеттік органдармен бiрлесiп, саммиттер, форумдар, семинарлар, тұсау кесерлер, конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады және өткізедi;
10) өз қызметі мәселелерi бойынша инвесторлармен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) басымды қызмет түрлерiнде инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн инвестициялық артықшылықтар беруге инвесторлардың өтiнiмдерiн қабылдайды;
12) инвестициялық жобаларға қатысты келісім-шарттардың және өзге де құжаттардың сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
13) жасалған келісім-шарттардың өндiрiстiк-техникалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, салықтық және өзге де ережелерiне талдау жасайды және олардың орындалуын ұйымдастырады;
14) инвестициялық жобаларды іске асыру үшiн қажеттi барлық келiсу және рұқсат беру құжаттарын алуды қамтамасыз етедi;
15) Қазақстан Республикасындағы біліктi қызметкерлер, тауарларды және қызметтер көрсетудi iздестiруде инвесторларға жәрдемдеседі;
16) жасалған келісім-шарттарды сақтауды жүзеге асырады;
17) келісім-шарттар ережелерінің сақталуын бақылауды қоса алғанда, инвестициялық жобалардың iске асырылуына мониторинг және бақылау жүргiзедi;
18) келісім-шарттар жасалған инвестициялық жобаларды, жобалар тiзбесiн iске асыруға қатысты барлық нормативтік құқықтық кесiмдердi, жобаларға инвестициялар салу сомаларын және құрылатын жұмыс орындары санын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi;
19) Комитет құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және шет елдердегi мекемелерiнің қызметiн үйлестiредi;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 08.04.03 ж. № 334 қаулысымен 11-тармақ-өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) құзыреті және берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының атынан сөйлеуге және инвестициялық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласында халықаралық келісімдер (шарттар) жасасу мәселелерi жөнiнде келiссөздер жүргiзуге;
2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар орындау үшiн мiндетті соның iшiнде келісім-шарттарды дайындауға және iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бұйрықтар қабылдауға;
3) берiлген өкiлеттіктер шегінде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргізу кезiнде Қазақстан Республикасын бiлдiруге, келісім-шарттар жасасу және бұзу ережелерi мен тәртібін айқындауға, өз құзыретi шеңберiнде инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес келісім-шарт жасасуға және оларды тiркеуге, олардың ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
3-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде мынадай:
1) инвестициялық салық преференциялар;
2) кедендiк баж салудан босату;
3) мемлекеттік заттай гранттар түрiнде инвестициялық преференциялар ұсыну туралы шешiм қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi реттеуге байланысты заң және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге және әзiрлеуге қатысуға;
5) мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар қызметкерлерiн, соның iшiнде шетелдiк азаматтарды келісім-шарттарға сараптама жүргiзу және дайындау үшiн тартуға;
6) инвесторлардан, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан инвестиция мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
7) инвестициялық қызмет, картографиялық жұмыстар, жарнамалық бейне фильмдер, слайдтар және басқа да ақпараттық-тұсау кесер материалдары мәселелерi бойынша мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа да тiлдердегi жарнамалық-ақпараттық және анықтамалық әдебиеттердiң, газеттердiң, бюллетеньдердің және журналдардың тапсырысшысы болуға;
8) инвесторларға Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жарнамалық-ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдар беруге;
9) Комитет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды, оларды даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, Комитет өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгінен шеттетуге немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің ұсынысы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
16. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитет қызметкерлерiне тәртiптік жазалар қолданады;
4) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi білдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің
Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 951 (бұр. ред. қара); 23.12.03 ж. № 1302 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық салада салааралық үйлестiрудi және басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында құрылымдық аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң кесiмдеріне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседi.
Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттің штат санының лимитін және құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Районный тұйық көшесi, 15/1.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнінде кәсiпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджетке жіберiледi.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттері
ҚР Үкіметінің 23.12.03 ж. № 1302 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Комитеттiң негiзгi міндеттерi:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі аясындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырған кезде азаматтар мен қоғамның қолайлы әрi экологиялық қауіпсiз өмір сүру және тiршiлiк ету ортасына деген мүдделерiн қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнімдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құрылыстың сенiмділігі мен қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) халықтың толық мәндi өмiр сүру және тiршілік ету ортасын қалыптастыру, елдi мекендердiң табиғи ресурстары мен аумақтарын және қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игерген, дамытқан және салған кезде оларды ұтымды пайдалану;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс құралдарымен тарихи және мәдени мұра ескерткiштерiнің сақталуын қамтамасыз ету;
5) әлеуметтiк, өндiрiстiк, инженерлік, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
6) салаға инвестицияларды тарту және оларды тиiмдi пайдалану үшiн ынталандыратын жағдайлар жасау;
7) жобалау және құрылыс өнiмдерінің iшкi рыногын қорғау, отандық жобалау мен құрылыс өнімдерi сапасын және бәсекелесуге қабiлетiн арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы ықпалдасу процестерін тереңдету болып табылады.
3. Комитеттiң функциялары
ҚР Үкіметінің 23.12.03 ж. № 1302 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комитет жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) cәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік саясатты жүргiзу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы мемлекеттік реттеу әдiстерiн әзiрлеу;
3) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердiң дамуын ескере отырып, қонысаралық аумақтарды және елдi мекендердi игеру мен тұрақты дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесімдердiң жобаларын әзiрлеу және келiсу;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік-техникалық құжаттарды заңнамада белгiленген тәртіппен әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
5-1) тұрғын үй-коммуналдық салада нормативтік-техникалық құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
6) құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды белгiленген тәртiппен әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
7) мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қорын сақтау бағдарламасын iске асыруға қатысу;
8) экспортқа бағдарланған жобалау және құрылыс өнiмдерiн шығару, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсi саласында жаңа техника мен жоғары технологияларды игеру жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу және шараларды жүзеге асыру;
9) сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік саясатты iске асыруда салааралық үйлестiру және басшылық жасау;
10) құрылыс материалдары өндiрiсінің жаңа технологияларын дамыту бағдарламаларын iске асыру жөніндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру және олардың орындалуын бақылау;
11) құрылысқа арналған инженерлiк іздестірулер саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу, кешендi инженерлiк iздестірулердің мемлекеттік қорын қалыптастыру мен жүргiзудi ұйымдастыру және оған жәрдемдесу;
12) Комитеттiң құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықпен және заңды тұлғалармен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргiзудi ұйымдастыру;
13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi бағыттарын анықтау және оның бағдарламаларын әзiрлеуге басшылық жасау, салалық зерттеу, ғылыми-қолданбалы, эксперименттiк және жобалау-iэдестiру жұмыстарын орындауды, бекітудi және iске асыруды (енгізудi) ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiндерiн қоспағанда, мемлекеттік, аймақаралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау әрі бекіту;
15) республикалық маңызы бар сәулет пен қала құрылысының облыстық және қалалық бөлiмшелерiнің, облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерiнің жұмысына ұйымдық және әдiснамалық басшылық жасау;
16) республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерiн мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету және олардың жұмысын үйлестiру;
17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын талдау әрi болжамдар әзiрлеу;
18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар аясында шет елдермен әрi халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
19) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоқ жөнінде бүлiнген құрылысты қалпына келтiру немесе бұзу бойынша кешендi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу;
20) құрылыс пен құрылыс өнiмдерінің сапасына, қала құрылысы регламенттерiнің, мемлекеттік нормативтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын (инспекциялауды) жүзеге асыру;
21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау, берiлген лицензиялардың есебiн жүргiзу, лицензиаттардың белгiленген біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiне және олардың лицензиялық ереженi сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы бекiткен лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негiзінде шет мемлекеттердің лицензияларын тану;
23) өтiнiш берушiлердің (лицензия алуға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеу;
24) мемлекеттік емес сараптама орталықтарын тiркеу және сарапшыларды аттестациялау;
25) жобалау құжаттамаларының сапасын қадағалауды жүзеге асыру әрі жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын мемлекеттік сараптамалық бағалауды ұйымдастыру, жобалардың мемлекеттік сараптамасының бiрыңғай жүйесiне басшылық жасау;
26) объектiлер (кешендер) салуда инвестициялардың негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге) техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру әрi республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты мен мемлекеттік кепiлдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздардың қаражатынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн негiз болатын қорытындылар дайындау;
27) республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
28) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын мемлекетаралық (халықаралық) нормативтiк базаны дамыту;
29) жобалау-iздестіру жұмыстары мен құрылыста баға белгiлеудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өзiндiк құнын талдау, объектiлер мен кешендер құрылысының сметалық құнын есептеудің тәртiбін анықтау;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Комитеттің құқықтары
ҚР Үкіметінің 23.12.03 ж. № 1302 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Комитет негiзгi міндеттерiн iске асыру мен өзiнің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) өз құзыретінің шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс аясындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы нормативтік құқықтық кесімдер қабылдауға;