Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш материалдардың
өндiрiсiн және оның айналымын мемлекеттік бақылауды күшейту жөнiндегі
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 27
қыркүйектегі № 1264 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. № 1220 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш материалдардың өндiрiсiн және оның айналымын мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату қызметiнiң лицензияланатын түрiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiмен және "Өнеркәсiпжарылыс" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп, өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды өндiру, айналымы, пайдалану саласындағы проблемаларды шешуге және олармен Қазақстан Республикасының тұтынушы ұйымдарын қамтамасыз етуге бағытталған Тұжырымдама мен Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды өндiрудi, дайындауды, сынауды, сақтауды және пайдалануды бақылау мен қадағалауды күшейтсiн.
ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. № 1220 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 1363 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 422-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) Қазақстан Республикасы тұтынушы ұйымдарының барлық кезеңдегi жарылғыш материалдарға қажеттiктерiн бағалауды жүзеге асырады."
12-тармақтың 3) тармақшасы "мамандарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ барлық меншiк нысанындағы жару iсi саласындағы мамандандырылған ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, жарылғыш материалдар айналымы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстарын енгiзсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бірінші орынбасары