Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің
кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 951 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес, сондай-ақ құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік мекемелерi аумақтық органдары 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) 2-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлiмшелердi құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмшелер құру үшiн Комитетке мүлкiнiң бiр бөлiгiн берудi қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 951 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі комитетiнiң қайта аталатын мемлекеттік
мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi
1. "Ақмола облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Көкшетау қ.
2. "Ақтөбе облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Ақтөбе қ.
3. "Алматы облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Алматы облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Талдықорған қ.
4. "Атырау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Атырау облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Атырау қ.
5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Өскемен қ.
6. "Жамбыл облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Тараз қ.
7. "Батыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Орал қ.
8. "Қарағанды облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Қарағанды қ.
9. "Қызылорда облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Қызылорда қ.
10. "Қостанай облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Қостанай қ.
11. "Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Ақтау қ.
12. "Павлодар облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Павлодар қ.
13. "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Петропавл қ.
14. "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Шымкент қ.
15. "Астана қаласы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiңдегi комитетiнiң Астана қаласы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Астана қ.
16. "Алматы қаласы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттік мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесiне
Алматы қ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 951 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi
аумақтық бөлімшелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Көкшетау қ.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Ақтөбе қ.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Алматы облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Талдықорған қ.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Атырау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Атырау қ.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сәулет-құрылыс, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Өскемен қ.
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Тараз қ.
7. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Орал қ.
8. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Қарағанды қ.
9. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Қызылорда қ.
10. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау Инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Қостанай қ.
11. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Ақтау қ.
12. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Павлодар қ.
13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Сәулет-құрылыс бақылау, Инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Петропавловск қ.
14. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Шымкент қ.
15. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Астана қаласы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Астана қ.
16. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Алматы қ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 951 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншікті ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 233, 234-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 276, 277-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне
276 "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ
277 "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ".
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат) 4-тармақ алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат):
1) 1-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында құрылымдық аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарлары лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Аумақтық бөлiмшелердің басшылары тиiстi облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.";
18-тармақта:
3) және 4) тармақшалар "қызметкерлерiн", "қызметшiлерiне" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", аумақтық бөлiмшелердің қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын", ", аумақтық бөлiмшелердің қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;";
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады.";
17-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттің аумақтық бөлімшелерiнің басшылары тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттау және өлшем құралдары бойынша нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақталуын қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.";
19-тармақта:
2) және 3) тармақтар "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн ", аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын" деген сөздермен толықтырылсын;
5) және 7) тармақшадағы "құрылымдық" деген сөзден кейiн "және аумақтық" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы
Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы
Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы
Жұмыстарды қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi";
5) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік қадағалау басқармасы
Стандарттау, метрология, сертификаттау және техникалық саясат басқармасы".