Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс
өнеркәсібі жөніндегі комитетінің мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 10 қыркүйектегі № 1363 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарға сәйкес осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетіне беруді және қажет жағдайларда оған иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді ресімдеуді қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 997 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 28, 249-құжат) 2-7-тармақтары;
2) "Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген машина жасау акционерлік қоғамдарын қаржылық сауықтыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 294 қаулысының 4-тармағының бесінші - сегізінші абзацтары;
3) "Қазаккумулятор" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 340 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 11, 103-құжат) 3-тармағы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1363 қаулысымен
Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң
Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегі комитетi туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі құзыретiнiң шегiнде қорғаныс өнеркәсiбi саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функциясын, сондай-ақ қорғаныс және екіұдай мақсаттағы өнiмдi әзiрлеу, өндiру және сату жөніндегі мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
480016, Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 2.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) қорғаныстық және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру және жою саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыруға, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсiбiн, әскери мақсаттағы экспорттық-импорттық берулердi дамыту мен конверсиялаудың бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу бұл бағдарламаларды iске асыру;
3) өз құзыретiнiң шегінде мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу;
4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындау және қорғаныс өнеркәсiбiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
5) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешен ұйымдарын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу, олардың жұмысын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
6) қорғаныс ұйымдарын конверсиялау бағдарламаларын iске асыру үшiн әлеуеттi инвесторларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2001.09.27. № 1264 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Комитет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қорғаныстық және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу және шығару саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
2) қорғаныстық және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу мен шығарудың ағымдағы және ұзақ мерзiмдiк бағдарламаларын әзiрлеуге және мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп оны iске асыруға қатысады;
3) қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверциялау бағдарламаларын iске асыруды салааралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
4) Үкiметтiң шешiмi бойынша Комитеттің құзыретi аясында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларындағы мемлекеттік үлестер мен пакеттерге иелiк ету және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысады;
6) жұмылдырушылық қуаттар мен резервтердi құру, жинақтау және сақтау жөніндегі жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыруға қатысады;
7) iшкi қажеттiлiктер мен экспортты қамтамасыз ету үшiн қару-жарақтар мен әскери техникаларды шығаруды, өндiрудi конверсиялау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және орындауды ұйымдастырады;
8) қару-жарақты, әскери техникаларды және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi экспорттық-импорттық берулер саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады;
9) жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау, қару-жарақтар мен әскери техникаларды шығаруды қысқарту жөнiндегі халықаралық шарттарды, келісімдердi және мiндеттемелердi iске асыруды ұйымдастырады;
10) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешенде ғылыми-техникалық және технологиялық даму бағдарламаларын әзiрлеудi және Комитетке бағынысты ұйымдарды қайта жаңарту мен техникалық жағынан қайта жарақтандыруды кеңейтудi ұйымдастырады;
11) қорғаныс тақырыптамасы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) жүргiзудi ұйымдастырады және оларды екiұдай қолданудың мүмкiндiктерiн айқындайды;
12) өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлетi мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бiрыңғай техникалық саясатты iске асырады, қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешенде ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуеттi тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
13) қару-жарақтардың, әскери техникалардың және оқ-дәрiлердiң жаңа технологияларын әзiрлеудi және енгізудi үйлестiредi;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асырады;
14-1) Қазақстан Республикасы тұтынушы ұйымдарының барлық кезеңдегi жарылғыш материалдарға қажеттiктерiн бағалауды жүзеге асырады.
15) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешеннiң құрамына кiретiн ұйымдарды жұмылдырушылық дайындау жөніндегі iс-шараларды орындауды ұйымдастыруға қатысады;
16) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешен ұйымдарына шетелдiк әрiптестермен тiкелей өндiрiстiк және ғылыми-техникалық байланыстар орнатуға жәрдем көрсетедi, олардың сыртқы экономикалық қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс дайындайды;
17) әскери-техникалық ынтымақтастық саласында халықаралық келісімдердi дайындауға қатысады және олардың iс жүзiнде iске асырылуын қамтамасыз етедi;
18) құпия жаңалықтарды қорғауды, оның iшiнде өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда да, қамтамасыз етедi;
19) қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялау бағдарламаларын орындалуға бөлiнген бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын, сондай-ақ қорғаныс тақырыптамасы бойынша ҒЗТКЖ-ны жоспарлауға және бақылауға қатысады;
20) Қазақстанның және басқа да мемлекеттердiң қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешенiн дамытудың тенденциялары мен серпiнiн талдауды және оларға шолуларды дайындауды жүзеге асырады;
21) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешеннiң қызметiн реттейтiн заңдардың қолданылу тәжiрибесiн қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
22) сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделейдi және қорғаныстық және екiұдай мақсаттағы өнiмдердiң экспорты мен импортының құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
23) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2001.09.27. № 1264 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) қорғаныстық және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру және жою саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
3) басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн, сарапшылар мен мамандарды, сондай-ақ барлық меншiк нысанындағы жару iсi саласындағы мамандандырылған ұйымдардың жұмысқа тартуға;
4) қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялаудың мемлекеттік бағдарламаларын iске асыруға қатысуға;
5) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешендi дамытудың және оны реформалаудың бағдарламаларын әзiрлеуге;
6) басқа мемлекеттік басқару органдарының құзыретiне кiретiн, бiрақ қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешеннiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерiн қарауға және келiсуге қатысуға;
7) республиканың ішiнде де, халықаралық деңгейде де қорғаныс өнеркәсiбi мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiруге;
8) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешен ұйымдарының, оның iшiнде шетелдiк инвесторлардың қатысуымен, қызметiн жетiлдiру жөнінде ұсыныс әзiрлеуге;
9) қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешенiнiң қызметiн реттейтiн заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, осы мақсат үшiн республиканың өзге де мемлекеттік органдарын тартуға;
10) қорғаныстық және екiұдай мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, шығаруға және iске асыруға қатысатын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитеттiң мүлкi республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
1) өзiнiң орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1363 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда
министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің
қарауындағы ұйымдарының
Тізбесі
"Машина жасау зауыты" ААҚ (Алматы қаласы)
"ЗИКСТО" ААҚ (Петропавл қаласы)
"Зенит" ААҚ (Орал қаласы)
"Металлист" ААҚ (Орал қаласы)
"Омега" ААҚ (Орал қаласы)
"Гидроприбор ҒЗИ" ААҚ (Орал қаласы)
"Шельф" ААҚ (Атырау қаласы)
"Наука-Восток" ААҚ (Көкшетау қаласы)
"Органикалық емес өндірістер зауыты" ААҚ (Серебрянск қаласы)
Микрография ҒЗИ (Орал қаласы)
Арнайы материал тану ҒЗИ (Шымкент қаласы)
ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.07. № 1211
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тізбеден жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.11.28. №
1775 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 ж. 10 қыркүйектегі
№ 1363 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөніндегі үкiмет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 ақпандағы № 119 қаулысында:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетiнiң төрағасы Марат Қарабекұлы Сарқытбаев Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөніндегі үкiмет комиссиясының құрамына Комиссия төрағасының орынбасары болып енгiзiлсiн;
Бекболат Әбдiғалиұлы Байғарин көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
2. ҚР Үкіметінің 1999.12.14. № 1917 қаулысымен күші жойылды
3. "Қазақстан Республикасының аумағындағы шабуыл жасау қаруларын жою жөніндегі үкiметтiк комиссия құру туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегi № 1280 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөніндегі үкiмет комиссиясы туралы ережеде:
4 және 9-тармақтардағы "Қорғаныс министрлігінiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолдағы 2-бағандағы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнертабыстармен жұмыс істеудің уақытша тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 тамыздағы № 1044 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы , 1996 ж., № 35, 330-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті".