Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік
бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N
1388 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті отандық тауар өндірушілерді отандық тауар өндірушілерге зиян келтіретін ұқсас тауарлар импортынан қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
1999 жылғы 14 қыркүйектегi
№ 1388 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң
Антидемпингтiк бақылау жөніндегі
комитетi туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегi комитетi (бұдан әрi Комитет) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң құзыретті шегінде антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын қолдану саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестірудi жүзеге асырушы ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен ?кіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте есепшоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттің заңдарға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, 473000, Бейбiтшілiк көшесi, 37
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті".
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. Комитеттің негiзгi міндеттерi:
1) iшкі рынокты отандық тауар өндiрушiлерге елеулi зиян келтiретiн немесе анық елеулi зиян келу қаупін туғызатын өскелең тауарлар импортынан қорғау;
2) отандық тауар өндiрушілердi материалдық зиян келтiретiн немесе материалдық зиян келтiру қаупін туғызатын тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы терiс пиғылды бәсекеден қорғау;
3) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн зиянды зардаптарды жою үшiн антидемпингтік, қорғаныш және өтем бажының объективтi көлемдерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
11. Комитет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мына функцияларды:
1) iшкi рынокты тауар импортының, демпинг пен шет мемлекеттер (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортының өскелең көлемi кезiнде тексерiс жүргiзудi;
2) тауар демпингінің шет мемлекеттер (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортының немесе тауар импорты көлемiнiң артуы және олардың елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактісi бойынша өтiніштердi қарауды;
3) тауар импорты көлемiнiң артуынан келген елеулi зиянды айқындауды;
4) тауар демпингінен немесе шет мемлекет (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортынан келген материалдық зиянның көлемiн анықтауды;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшiн тексерiстердiң нәтижелерi бойынша қорытындылар мен материалдар дайындауды;
6) тауарлар импорты кезінде пайда болатын терiс пиғылды бәсекенi анықтау мақсатында тауарлар рыногының мониторингiн жүргiзудi;
7) ресми органдармен, өзге де шет мемлекеттер ұйымдарымен және халықаралық органдармен өзара iс-әрекетте болуды;
8) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, отандық рынокты қорғау үшін тексерiс жүргiзу жөніндегі әдiстемелiк тәсiлдердi жетiлдiрудi және дамытуды;
9) өз құзыретiнiң шегінде мамандар даярлауды және олардың бiліктiлiгін арттыруды;
10) тексерiстiң рәсiмдерін әдiстемелiк қамтамасыз етудi;
11) антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын енгізу қажеттігiн орнықтыру жөнiнде тексерiстер жүргiзу мақсатында отандық тауар өндiрушілердiң сауда және өндiрiстiк қызметіне (тәжiрибесiне) мониторинг жүргiзудi;
12) қолданылып жүрген антидемпингтік, қорғаныш шаралары мен өтем бажын қайта қарау немесе өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
13) антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын енгізудiң ұлттық экономикаға әсерiн бағалауды;
14) өз құзыретінiң шегінде тексерiс рәсiмдеріне байланысты нормативтік құқықтық актiлер шығаруды;
15) тексерiс туралы деректер банкiн құруды;
16) өз құзыретiнiң шегінде импорттық тауар берушiлердiң бағалар жөніндегi міндеттемелерiнің орындалуына бақылау жасауды;
17) тексерiс жүргiзiлiп жатқан тауар импортына мониторинг жүргiзуді;
18) заңдармен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Негiзгi міндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттің заңдарда белгiленген тәртіппен:
1) антидемпингтiк, қорғаныш және өтем шаралары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк құжаттардың жобаларын әзiрлеуге;
2) белгiленген антидемпингтiк, өтем және қорғаныш шараларын тиiмдi жасау үшін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың қызметiне қатысуға және ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық пен үйлестірудi жүзеге асыруға;
3) өз құзыретiнің шегiнде антидемпингтiк, қорғаныш және өтем шаралары жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
4) тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы адал бәсеке шарттарының бұзылу фактiлерi анықталған жағдайда, заңдарда белгiленген шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыретінің шегiнде, соның iшiнде:
өз бастамасы бойынша тексерiс жүргiзу туралы;
тексерiс рәсiмiн жүргiзудi бастаудан бас тарту туралы;
тексерiс жүргiзу туралы өтiнiш қайтарып алынған кезде өз бастамасы бойынша тексерiстi жалғастыру туралы;
шаралар қолданбастан тексерiс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмдер қабылдауды;
6) мүдделi тұлғалардан, мемлекеттік органдардан тексерiс үшiн қажеттi ақпаратты, соның iшiнде құпиялысын да, сұратып алуға және олардың растығын тексеруге;
7) өз құзыретінің шегiнде берушiлерден қабылданған міндеттемелердiң орындалуы туралы мәлiметтер сұратып алуға және олардың растығын тексеруге;
8) экспорттаушының елінде ақпараттың растығына тексеру жүргiзуге;
9) адал бәсеке шарттарының бұзылу фактiлерi анықталған кезде антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытындылар дайындауға;
10) антидемпингтiк, қорғаныш және өтем шаралары саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану жөнiнде бiрлесіп жұмыс істеу үшiн басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергіліктi сарапшылар мен мамандарды тартуға;
11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттiң өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауына немесе өзге тәсiлмен иелік етуіне құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады.
17. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
18. Осы мақсаттарда Төраға:
1) өз орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерi басшыларының міндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Комитеттің қызметкерлеріне заңдарда белгiленген тәртіппен тәртiптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.