9-16) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлеуге;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.13.04 ж. № 40-III Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды
5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 5-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-6) тармақшамен толықтырылды
5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-7) тармақшамен толықтырылды
5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-8) тармақшамен толықтырылды
5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-9) тармақшамен толықтырылды
5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган:
1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті.
2. Уәкiлеттi органның:
1) бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын әртүрлi ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;
3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 9-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну арқылы қатысады.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға құқығы бар.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушi:
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары және олар босатылатын мерзiмдер туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын толық көлемде беруге;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы халықты жұмыспен қамту орталығына мәлiмет жiберуге;
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтардан жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (халықты жұмыспен қамту орталығы оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) халықты жұмыспен қамту орталығына алған мамандығы мен біліктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң біліктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жеке меншік жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi өткеннен кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жұмыспен қамту жеке агенттігі кепiлдiк берген кезде ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушінің банктерге кепілді жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.
Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейiнгi және жоғары білімдi;
дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-инновациялық даму саласындағы құжаттарында дамытылуы көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;
индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешім қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
«Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын;
арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия орталық атқарушы органның және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Он үшінші абзац 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Квота белгiлеу тәртібін, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
4-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң білім деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң біліктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.
5. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде:
1) санын, олар ауыстырылатын ұйымның және елдің атауын;
2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпаратты жібереді.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген, бір жылға ұзартылу ықтималдығымен үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын, шетелдік жұмыскерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10, 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылуын ұйымдастыруды;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды;
6) өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей адамдарды тіркеуді және оларды есепке қоюды;