"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 27 қаңтардағы
№ 524-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі квота) - Республиканың экономикалық тұрғыда белсенді халқының санына шаққанда процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;";
6-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;";
7-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;";
8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік оқуға жіберуге;";
9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толтырылсын:
"2-1) кадрларды бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;";
11-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.";
23-баптағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының