Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат):
1) 148-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу»;
бірінші бөлікте:
«Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату» деген сөздер «Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату» деген сөздермен ауыстырылсын;
«еңбек туралы заңдарды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -»;
2) мынадай мазмұндағы 150-1-баппен толықтырылсын:
«150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне
кедергі келтіру
Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып олардың заңды қызметіне араласуы -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «еңбек заңдарында», «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен», «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына», «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында», «еңбек туралы заңдарға», «еңбек туралы заңда» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында», «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен», «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 125-баптың 3-тармағындағы «Жұмысқа қабылдаудың, жұмыстан босатудың және басқа жұмысқа көшірудің ережелерін» деген сөздер «Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа көшіруді» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат;№4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат):
1) 493-баптың 2-тармағындағы «еңбек туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 573-баптың 3-тармағындағы «еңбек туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 742-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «, оның ішінде келісім-шарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
4) 921-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
«(келісім-шарттың)» деген сөздер алып тасталсын;
«жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін» деген сөздер «жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 1040-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;».
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат):
237-баптың 4) тармақшасындағы «туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жаңа 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.».
5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат):
1) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы -
айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.»;
2) 89-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманы», «еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын», «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 90-баптың екінші абзацындағы «бестен жиырмаға дейінгі» деген сөздер «екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 91-баптың екінші абзацындағы «оннан жиырма беске дейінгі» деген сөздер «екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 92-баптың екінші абзацындағы «оннан жиырма беске дейінгі» деген сөздер «екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 93-баптың екінші абзацындағы «бестен онға дейінгі» деген сөздер «елуден жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар):
1) 10-баптың 25-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және тікелей еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке адам;»;
2) 178-баптың 14) тармақшасындағы «жеке», «(келісім-шарт)» деген сөздер алып тасталсын;
3) 187-1-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «жеке», «(келісім-шарт, келісім)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «жеке», «(келісім-шартта)» деген сөздер алып тасталсын;
4) 191-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «жеке», «(келісім-шартта, келісімде)» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жеке», «(келісім-шарттың)» деген сөздер алып тасталсын;
5) 316-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «жеке» деген сөз алып тасталсын;
6) 527-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «жеке» деген сөз алып тасталсын.
7. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат):
1) 407-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«жеке» деген сөз алып тасталсын;
«заңдарына» деген сөз «еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 505-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.».
8. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат):
1) 20-бапта:
«жұмысшы немесе қызметші» деген сөздер «қызметкер» деген сөзбен ауыстырылсын;
«еңбек туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жұмысшылары мен қызметшілеріне» деген сөздер «қызметкерлерімен» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 21-баптағы «жұмысшыларымен және қызметшілерімен», «азаматтарға» деген сөздер тиісінше «қызметкерлерімен», «қызметкерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 2002 ж., № 16, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 5-1-баптың 2-тармағындағы «қызметшілерінің» деген сөз «азаматтық қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың бірінші бөлігіндегі «жеке» деген сөз алып тасталсын;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Шекара қызметіндегі қызметкерлердің еңбек
шарты бойынша жұмыс істеуі
Шекара қызметіндегі қызметкерлер мен азаматтық қызметшілердің еңбек шарты бойынша жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.».
10. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
15-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 147-құжат):
1) 7-баптағы «Еңбекшілердің жұмысқа қабылдануын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың» деген сөздер «Қызметкердің жұмысқа қабылдануын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-бапта:
бірінші бөлікте:
алтыншы абзацтағы «кәсіподақтар, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды» деген сөздер «кәсіподақтар туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «зейнетақы заңдарының, еңбек қорғау және кәсіподақтар туралы заңдардың» деген сөздер «зейнетақы заңнамасының, кәсіподақтар туралы заңнаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың бірінші бөлігіндегі «Еңбекшілердің» деген сөз «Қызметкерлердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 12-баптың екінші бөлігіндегі «еңбекшілердің» деген сөз «қызметкерлердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 14-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «еңбекшілерді», «еңбекшілер» деген сөздер тиісінше «қызметкерлерді», «қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ
комитеттерінің өкілеттіктері
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің өкілеттіктері осы Заңмен, кәсіптік одақтардың жарғыларымен, салалық, өңірлік келісімдермен және ұйымдардың ұжымдық шарттарымен белгіленеді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің құқықтары, кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес кәсіподақ комитеттері мен жұмыс берушілер ұйымдардағы басқа да әлеуметтік-еңбектік, экономикалық мәселелерді шешуі мүмкін.».
12. «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 93-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат):
1) 7-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамдармен еңбек шартын тоқтатуға және оны жасасудан, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туысқандары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді.»;
2) 12-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптағы «аталған жәрдемақыны алуға құқығы» деген сөздер «өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтету құқығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 12, 71-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат):
9-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген талаптардан басқа, кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді уақтылы табыс етпегені үшін жауапкершілігі айқындалады.»;
7-тармақтағы «қызметкерлерді кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады» деген сөздер «қызметкерді кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат):
56-баптағы «заңдарымен» деген сөз «еңбек заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
23-бапта:
1-тармақтағы «жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен» деген сөздер «еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «(контрактында)» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөліктегі «еңбек туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
екінші бөліктегі «еңбек заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «еңбек туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат):
6-бапта:
1-тармақтағы «әскери қызметшілерден, жұмысшылар мен қызметшілерден» деген сөздер «әскери қызметшілер мен қызметкерлерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық ұлан қызметкерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.».
17. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
34-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат):
1) 18-баптың 1-тармағындағы «еңбек туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлігіндегі «еңбек заңдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.»;
3) 27-баптың 4-тармағындағы «тиісті еңбек заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):