7) Қазақстан Республикасының азаматтарына және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді;
8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді;
9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді;
12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға электронды форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді;
13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды және жаңартып отыруды;
14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтiк қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен бап 3-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
3-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1-тармақ 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Мемлекеттік корпорацияға не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды - жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш берген кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш берген адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде тіркейді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде бiр реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бiр реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;
4) жұмыссыз халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркеле алады.
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарына келiп тұрудың тәртібін, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртібіне ықпал ететiн өзгерістер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мәліметтерді жасырған, көрінеу жалған мәліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынған жағдайларда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген күнінен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі және оны жүзеге асыру тетігі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
18-бап. Лайықты жұмыс
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мүгедек үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін, жүзеге асыру үшін оның шектеулі тыныс-тіршілігі ескеріле отырып, дене бітіміне орай қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс ыңғайлы деп есептеледі.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны
1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:
1) нысаналы топтарға әдейi арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
4. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Жастар практикасы
1. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын ашуды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзімі және көздері қамтылуға тиіс.
3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға нақты арналады;
2) орындалатын жұмыс түлектің меңгерген кәсібіне (мамандығына) не оның біліктілік деңгейіне сәйкес келуге тиіс;
3) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (3) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға:
1) егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
3) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не білім беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберген, оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдарда ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген адамдардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелді себептерсіз өз бетiнше тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
1-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы білімi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекітіледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейдi.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
1) оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді;
2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
2. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;
3) білім алушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
6) психологиялық бейімдеу арқылы іске асырылады.
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) микрокредиттер беру;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
3) консультативтік қызметтер ұсыну;
4) кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы іске асырылады.
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге субсидиялар беру;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) психологиялық бейімдеу;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген жастарға қызметтік тұрғынжайлар және жатақханалардан бөлмелер беру арқылы іске асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептiлiк
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сәйкес тартатын жұмыс берушілер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік кіріс органдарымен, ішкі істер органдарымен және республикалық және өңірлік деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әр тараптың өз функцияларын орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттамамен және мәлiметтермен өтеусiз негiзде алмасады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етедi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен; 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының