Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2016.22.12. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 68-2-тараудың, 476-5, 476-6, 476-7 және 476-8-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым
476-5-бап. Жалпы ережелер
476-6-бап. Алым төлеушілер
476-7-бап. Алым мөлшерлемелері
476-8-бап. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі»;
2) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдар;»;
3) мынадай мазмұндағы 68-2-тараумен толықтырылсын:
«68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым
476-5-бап. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым (бұдан әрі - алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту (бұдан әрі - рұқсат) туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, рұқсатты алған және ұзартқан жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
476-6-бап. Алым төлеушілер
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алатын немесе ұзартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды.
476-7-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
476-8-бап. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында рұқсат алынғанға немесе ұзартылғанға дейін жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Алым төлеген тұлғалар рұқсатты алудан немесе ұзартудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды оларды төлеген жердегі салық органы рұқсаттарды беруден және (немесе) ұзартудан бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген құжатты алымды төлеуші ұсынғаннан кейін оның салықтық өтініші бойынша осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.».
2-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 517-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы - »;
2) 519-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы -».
3. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.»;
2) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар;
2) тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.»;
3) 17-бапта:
бірінші бөлікте:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;»;
11) тармақша «қабылдау» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі екінші сөйлем алып тасталсын;
4) 18-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 18-1-бап алып тасталсын;
6) 21-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі
Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, онда осы ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.»;
8) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде оның келісуінің қажеттілігі
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда, сондай-ақ асырап алған немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіппен баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.»;
9) 30-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.»;
10) 33-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішке өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.»;
11) 35-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»;
12) 38-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне Қазақстан Республикасының соты және (немесе) басқа да мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика аумағында іссапарда, емделуде болған мерзімі және уақытша тұрудың басқа да жағдайлары есепке алынбайды.».
4. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат):
1) 4-бапта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, күдікті немесе айыпталушы деп танылған шетелдіктер соттың үкімі күшіне енгенге дейін немесе уәкілетті органдар өзге процестік шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға және олар тіркеу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.»;
2) 9-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және мiндеттерге жауапты болады.»;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының заң актілерінде» деген сөздер «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктерге көшi-қон карточкалары берiледi. Көші-қон карточкаларының нысанын және оларды беру қағидаларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітеді.».
5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 67-баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға да беріледі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға тұрғынжай берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғынжайының болмауы болып табылады.»;
2) 109-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.»;
3) 110-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 және 95-баптарының күші қолданылмайды.».
6. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):