2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 2-1-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 21 ақпаннан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-бап өзгертілді
2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары
1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің үлестес тұлғалары болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің үлестес тұлғаларын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.
Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң, сондай-ақ 2-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасының мақсаттары үшiн ескерiлмейдi.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынатын мәліметтердің негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілдi
3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құзыреті шегінде банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу, бақылау және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.
3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.
4. алынып тасталды
5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бірiнен астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенім бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 5-1-тармақпен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.
Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.
6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілдi; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Корпорацияда есептік тіркеуден өткен және уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді пайдалануға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған жері танылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілдi
5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның жалғыз акционері болып табылады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілдi
2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым іске асырылуы кезінде залалдар туындауы ықтимал мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге құқылы.
Құқықтар (талап ету) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға өткен жағдайда, мұндай өтуге қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдің және өзге де тұлғалардың келісуі талап етілмейді;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасына бағалау жүргізуге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;
10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, күтіп-ұстауға, сақталуын қамтамасыз етуге, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығаруға және (немесе) олардың күшін жоюға, активтерді басқаруға және оларды өткізуге, көрсетілген әрекеттер салдарынан туындайтын ықтимал зиянды мойындауға;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар жалғыз акционердің нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырған банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға, сондай-ақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын ұсыну арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға құқылы.
3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бюджеттен нысаналы аударымдар алуға құқығы бар.
11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттiк орган, Ұлттық пошта операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілдi
7-бап. Банкiлер мен мемлекеттің жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi
1. Банкiлер мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттік банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттік банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап жаңа редакцияда; 16.07.99 ж. № 436-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара): 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) банктер:
орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде, банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, төлем ұйымдары мәртебесі бар қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын құрған, сондай-ақ акцияларға және жарғылық капиталға қатысу үлестеріне ие болған жағдайларда қолданылмайды;
сатып алатын акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он пайызынан аз мөлшерде заңды тұлғаларды;
бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылған (иеленген), күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарын;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес ұйымдарды;
айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдарды;