3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Таратылатын банктің мүлкін өткізуді банкті тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органнан банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекітіп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін оларды күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
8. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде банк қызметінің тоқтатылуының тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 73-1- баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 73-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 73-1-бап өзгертілді
73-1-бап. 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.
Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады.
Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау және тарату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.
Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.
2. алынып тасталды
3. алынып тасталды
29.06.98 ж. № 236-1 ҚР Заңымен; 03.06.03 ж. № 427-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-1-бап өзгертiлдi
74-1-бап. Банктердi тарату кезіндегі тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Тарату конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
3. Ислам банкінің тарату конкурстық массасына ислам банкінің инвестициялық депозиті туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік қосылмайды. Тарату комиссиясы аталған мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа ислам банкіне беруге тиіс.
Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 74-2-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 74-2-бап жаңа редакцияда; 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 74-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі
1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.
3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;
2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешекті, жалақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;
3) үшінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепілдік берілген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаржысы есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, олардың банктік шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкін кепілге алумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
7) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару жөніндегі берешектер өтеледі;
8) сегізінші кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес есеп айырысулар жүргізіледі.
4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II 74-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөніндегі шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бір жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
Банк өтiнiшiнiң бір данасы қоса берiлетiн құжаттармен бірге уәкiлеттi органға ұсынылады.
2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келісілуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келісімiмен жол берiледi.
2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңіндегі банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бірiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 74-4-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 74-4-бап жаңа редакцияда; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 74-4-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 74-4-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
III Бөлiм Қорытынды ережелер
ҚР 29.06.98 ж. № 236-1 Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 9-1-тарау алынып тасталды
9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 75-бап өзгертiлдi
75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен 76-бап өзгертiлдi
76-бап. ҚР 29.06.98 ж. № 236-1 Заңымен алып тасталды
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 76-1-баппен толықтырылды
76-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру
Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 78-бап өзгертiлдi
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, «Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібін бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Қазақстан Республикасының