2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға міндетті.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен екінші бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 17), 18) және 24) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2011.20.07. № 462-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-2-бап өзгертілді
7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі
1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарық субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады.
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағасына сараптама жүргізілген кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жария тыңдаулар өткізуге міндетті.
Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің босату бағасының жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісіне уәжді қорытынды жіберілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган бекіткен жағдайда, ол реттелетін нарық субъектісі тауарының (жұмысының, көрсетiлетiн қызметінің) шекті бағасында ескеріледі.
Реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Уәкілетті орган реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы жартыжылдық ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындылары бойынша орындалмаған жағдайда, реттелетін нарық субъектісіне шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей реттелетін нарық субъектісіне уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша:
1) бағаны көтеруге тыйым салу;
2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.
Уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда бұл туралы реттелетін нарық субъектісін осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.
Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне пошта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне апарып беріп, қолын қойғызып табыс етіледі.
Реттелетін нарық субъектісі алған уәжді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес ақпаратты не реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.
4. Реттелетін нарық субъектісі шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органға бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-3-бап өзгертілді
7-3-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері
1. Реттелетін нарық субъектілері:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органға:
бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты;
оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде;
осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей беруге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органды хабардар етуге;
3) реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін сақтауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындауға;
3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтаруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.
2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды
7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау
1. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.
2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) электрондық құжат түрінде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Пошта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.
Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы берілген, электрондық құжат түріндегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық құжат түрінде берілген кезде уәкілетті орган бұлар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.
8-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;
2) шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;
3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға;
4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
4-1) жария тыңдауларға қатысуға;
4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері
Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;
4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Уәкiлеттi орган
Уәкілетті органның ережесін, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
12-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары
1. Уәкілетті орган:
1) табиғи монополиялар субъектілерін бақылау мен олардың қызметін реттеуді жүзеге асырады;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;
1-2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін айқындайды;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды
1-4) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;
2) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргiзедi;
3) мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін әзiрлейдi, бекітеді және қолданады;
4-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;
4-4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-5) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды
4-6) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-1) - 5-4) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-5) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.р ед.қара)
5-6) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;
5-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;
5-8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
6) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
1. Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлейді және бекiтеді;
2) табиғи монополиялар аясындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттік реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;
5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;
6-1) реттелетін нарық субъектілеріне осы Заңның 7-3-бабында көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізуге;
7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;
11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;
13-1) реттелетін нарықтар «субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асыруға;
13-2) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуге;
13-3) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
13-4) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға;
14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға белгiлеуге;
15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртібін бекітуге;
16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;