Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) мазмұнындағы 29-тараудың, 540, 541, 542, 544, 545, 546, 556, 558, 559, 561 және 564-баптардың тақырыптарындағы «Мүлік», «аренда», «мүлікті жалға алу», «мүлік», «Мүлікті» деген сөздер тиісінше «Мүліктік», «жалға алу», «мүліктік жалдау», «мүліктік», «Мүліктік» деген сөздермен, 29-тараудың, 596, 1113-баптардың мәтіндеріндегі «Мүлік», «аренда», «мүлік жалдау», «мүлікті жалдауға», «мүлікті жалдау», «мүлік жалдаудың», «мүлікті жалға алу», «Мүлікті жалдаудың», «мүлікті жалға (арендаға) беру», «арендаға берушi немесе жалға» деген сөздер тиісінше «Мүліктік», «жалға алу», «мүліктік жалдау», «мүліктік жалдауға», «мүліктік жалдау», «мүліктік жалдаудың», «мүліктік жалдау», «Мүліктік жалдаудың», «мүліктік жалдау (жалға алу)», «жалға беруші немесе жалдауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 541-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн және басқа да оқшауланған табиғи объектiлердi мүлiктiк жалдауға тапсыру ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік мүлікті концессия шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.»;
3) 883-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, концессиялар туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11,55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 167-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«167-2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу»;
2) мынадай мазмұндағы 167-2-баппен толықтырылсын:
«167-2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу барысында концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлеріне және сипаттамаларына өзгерістер енгізу - лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта лауазымды адамдар деп конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жауап беретін, концессия жөніндегі конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарды түсіну керек.»;
3) 309-4-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгіленген мерзімдерде орындамау не тиiсiнше орындамау -»;
4) 571-1-баптың бірінші бөлігіндегі «167-бабында» деген сөздер «167, 167-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
25 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейді және иеліктен шығарылуға жатпайды.
2. Қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттік меншікте болады, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
3. Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.»;
«27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары
1. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.
2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары, атап айтқанда, қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін, коммуналдық меншіктегі су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 9-бөлімнің, 32 және 33-тараулардың, 160 - 165-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бөлім. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
32-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
160-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер
161-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алу және олардың мониторингі
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері
163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауы
164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу
165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауы»;
2) 3-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«6) банк кепiлдiгi - қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарыз шарты бойынша соманы төлемеген жағдайда, банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегі мiндеттемесi;»;
11-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3) және 12-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
12-2) бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
12-3) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
12-4) бюджет процесi - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;»;
15) тармақша алып тасталсын;
17-1) және 17-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде дайындалған, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;
17-2) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптама - техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн, жобаның жүзеге асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау тұрғысынан кешендi бағалау;»;
19), 20) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi - Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлейтін, жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиiс;»;
28) және 34) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 42-1) және 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) қарызға қызмет көрсету - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе банктiң қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражатының пайдаланылуын және қарыз алушының сыйақы төлемдерiн, комиссиялық төлемдерді және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдердi жүзеге асыруын есепке алу жөнiндегi қызметi;
42-2) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың қарыз шарты бойынша мiндеттемелерді орындауының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын олардың келiсiмi бойынша өзгерту;»;
44) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 56-1), 56-2) және 62-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«56-1) мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концедент белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық мiндеттемелердiң сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы;
56-2) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрi - Бұзушылықтар сыныптауышы) - бұзылған құқық нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн және оларды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;»;
«62-1) өзара өтелетiн операциялар - мемлекеттiк бюджеттi және облыстың бюджетiн, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептердi қалыптастыру кезiнде жүзеге асырылатын, қосарланған шотты болдырмау мақсатында бюджеттiң бiр деңгейiнен басқа деңгейіне берiлетiн трансферттер, бюджеттiк кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастауға байланысты операциялар;»;
65) тармақша алып тасталсын;
3) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;»;
4) 53-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы «жобаларға және» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 54-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауға;»;
6) 55-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауға;»;
7) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауға;»;
8) 71-баптың 3-тармағының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;»;
9) 110-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражатының шығыстары бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайды.»;
10) 143-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттер беру, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды, сондай-ақ оларды пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;»;
11) 155-2-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткізу туралы шешім қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған, олар бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастыратын тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылдаған концессиялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және сараптау екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс үшін Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
12) 158-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартындағы концессиялық жобалардың мониторингін және іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.»;
13) 9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бөлім Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
32-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
160-бап. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерi;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерi болып бөлiнедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындау республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындау жергiлiктi бюджеттер қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерi жасалған концессия шарттары бойынша мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледі.
Концессионер концессия шартын тиісінше орындамаған жағдайда, концессия шартында қамтылған, қабылданған міндеттемелерді концессионердің орындауын бағалау критерийлері негізінде концедент мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемін азайтуды жүргізеді.
7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
161-бап. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi есепке алу және олардың мониторингi
1. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға жатады.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы және орындауы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер қабылдауы:
1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру;
2) мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердiң қаржылық шектерiн және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгiлеу;
3) жасалған концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнің әрбiр жеке концессиялық жоба бойынша шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.