Қазақстан Республикасының
Заңы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №16, 214-құжат; 1999 ж., №19, 646-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., 17-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) босатылу бағасы - реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;»;
7) тармақша «табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшаның екінші абзацындағы «үстем» деген сөз «Үстем» деген сөзбен ауыстырылып, «субъектілерінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) салыстырмалы талдау әдісі - өңірлік электр желісі компаниясы (бұдан әрі - өңірлік электр желісі компаниясы) болып табылатын табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф қалыптастыру әдісі, ол уәкілетті орган және электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырған өңірлік электр желілері компанияларының тобындағы осы өңірлік электр желісі компаниясы қызметінің тиімділігін салыстыруды көздейді;
12-2) сараланған тариф - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уәкілетті орган тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша саралап бекіткен тариф;»;
13) тармақшадағы «беру және тарату» деген сөздер «беру және (немесе) тарату» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақша «қолданысқа» деген сөздің алдынан «табиғи монополия субъектісінің» деген сөздермен толықтырылып, «активтердің» деген сөз «активтерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) тұтынушылар тобы - табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері белгілерінің, қызметінің, оларды нысаналы пайдаланудың ортақ болуымен біріктірілген тұтынушылар жиынтығы;»;
«31) шекті баға - тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде реттелетін нарық субъектісі баға белгілеу тәртібіне сәйкес белгілеген және бағаларға жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.»;
2) 5-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы «(үлестерін)» деген сөз «(қатысу үлестерін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-2) тармақша «пайдаланылатын» деген сөздің алдынан «өңірлік электр желісі компаниясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;»;
4) тармақшадағы «осы» деген сөздің алдынан «өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «бекіткен мерзімде, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей,» деген сөздер «белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-2) тармақша «осы» деген сөздің алдынан «өңірлік электр желісі компаниясын, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын:
«7-4) тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беруге;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«11) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге;»;
4) 7-2 бапта:
тақырыптағы «Баға» деген сөз «Реттелетін нарықтардағы бағаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарық субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады.
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде уәкілетті орган реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.»;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «ақпаратты» деген сөзден кейін «немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «бағаны» деген сөзден кейін «реттелетін нарықтардағы» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте:
«бірінші» деген сөз «екінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ақпарат» деген сөз «ақпаратты не реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Реттелетін нарық субъектісі шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органға бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.»;
5) 7-3 бапта:
1) тармақшада:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты табыс етуге;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде табыс етуге;»;
2) тармақша «бағалардың» деген сөзден кейін «шекті бағадан жоғары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «баға» деген сөз «реттелетін нарықтардағы бағаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 7-4 баппен толықтырылсын:
«7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау
1. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.
2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;
3) электрондық түрде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген уәкілетті органның қабылдау жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн болып табылады.
3. Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.
Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық байланыс арналары арқылы берілген қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.
4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық түрде берілген кезде уәкілетті орган электрондық жүйенің орталық торабы қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылданғаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.»;
7) 11-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;»;
13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) су шаруашылығы жүйелері салаларындағы реттеліп көрсетілген қызметтерді жекетұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды;»;
5) тармақшадағы «туралы заңдарды» деген сөздер «және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын:
5-1) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсауының техникалық және технологиялық нормаларын;
өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын;»;
5-4) тармақшадағы «табиғи монополиялар субъектілерінің» деген сөздер «өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-8) тармақшамен толықтырылсын:
«5-8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;»;
9) 14-баптың 1-тармағында:
7) тармақшадағы «табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарын олар» деген сөздер «олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-1) тармақшадағы «субъектілерінің баға белгілеу» деген сөздер «субъектілері бағаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы «туралы заңдары» деген сөздер «және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай:
тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін заңсыз көтеру;
іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шекті деңгейіне енгізу;
уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсаудың техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен асатын шығыстар баптарын бес проценттен астам арттыру;
амортизациялық аударымдар қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланбау;
осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес проценттен астам ауытқып орындалуы жағдайларында табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалын өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешім осы тармақшаның екінші және бесінші абзацтарында көзделген жағдайларда ғана қабылдануы мүмкін;»;
11) 15-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін, оның ішінде салыстырмалы талдау әдісін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қолдана отырып, бекітумен;»;
1-1) және 1-2) тармақшалар алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:
«15-2-бап. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібі
Үшінші абзац 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тарифтің есеп-қисабы әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып үш жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп жыл сайын түзетіледі.
2. Өңірлік электр желісі компаниясы көрсетілген қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей беруге міндетті.
Ақпаратты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
6 - 12 абзацтар 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өңірлік электр желісі компаниясы берген ақпаратты уәкілетті орган жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап күнтізбелік сексен бес күннің ішінде қарайды.
Уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты жария тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялауға міндетті.
Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, тарифті бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізіледі.
Уәкілетті орган берілген ақпаратты қарау және өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелері бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды, оның көшірмесі тарифті қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмей өңірлік электр желісі компаниясына жіберіледі.
Уәкілетті орган айқындайтын күннен бастап қолданысқа енгізілуі жүзеге асырылатын төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген тарифті қоспағанда, тарифті қолданысқа енгізу тарифті бекіткен айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
4. Өңірлік электр желісі компаниясы тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізуге міндетті.
5. Осы Заңның 15-1-бабы 2-тармағының, оның бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, 16, 17 және 18-баптарының талаптары салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібіне қолданылмайды.»;
13) 16-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «субъектісі» деген сөзден кейін «тиісті талапты алған күннен бастап ол» деген сөздермен толтырылсын;
14) 18-1-бапта:
1-тармақтың 4) және 4-1) тармақшаларындағы «(үлестер)», «(үлестерінің)» деген сөздер тиісінше «(қатысу үлестерін)», «(қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі «бойынша» деген сөзден кейін «есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 18-4-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «бәсекелестік принциптерін сақтай отырып өткізеді.» деген сөздер «бәсекелестік;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып өткізіледі.»;
7-тармақтағы «монополия туралы заңдарын» деген сөздер «монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылып, «қолданылмайды» деген сөздің алдынан «және өңірлік электр желілері компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 18-7-баптың 3) тармақшасы «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 19-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «монополия» деген сөз «монополиялар және реттелетін нарықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 23-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мыналар:
Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламасы жоқ өңірлік электр желісі компаниялары 2010 жылғы 31 наурызға дейін 2011-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның жобасын әзірлеуге және оны бекітуге табыс етуге міндетті;
Тарифтердің шекті деңгейлерін қолданбастан қызметтер көрсететін өңірлік электр желісі компаниялары 2010 жылғы 1 шілдеге дейін 2011-2012 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімді белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасында, 7-бабының 4), 7-2) және 11) тармақшаларында, 13-бабы 1-тармағының 5-1) және 5-4) тармақшаларында, 14-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 18-4-бабының 9-тармағында көзделген, өңірлік электр желісі компанияларына арналған ерекшеліктер салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.».
2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12) тармақшасының үшінші, алтыншы - он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 15-і.
№ 255-ІV ҚРЗ