Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 541-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы және концессиялар туралы заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;
2) 883-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессиялар туралы заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
1) 36-бапта:
1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi, жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмдерi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн беру жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жер учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.»;
2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;»;
3) 114-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігі объектілеріне бөліп берілген жер жатады.».
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-IІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
1) мазмұнында:
8-бөлімнің, 30-тараудың және 151-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар
30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау
151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер»;
мынадай мазмұндағы 154-1, 154-2, 154-3 және 154-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
154-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау»;
156-баптың және 31-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер»;
«31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
мынадай мазмұндағы 158-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру»;
9-бөлімнің, 32-тараудың, 160, 161 және 162-баптардың, 33-тараудың, 163, 164, 165 және 230-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер
161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді есепке алу және олардың мониторингі
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы және орындауы
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері
163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы
164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауын шектеу
165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді орындауы»;
«230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу»;
2) 3-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер - жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік әріптес қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
53-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Мемлекеттік жекешелік-әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөніндегі реттілікпен болатын іс-шаралар жиынтығы;»;
57-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«57-1) мемлекеттік инвестициялық жоба - бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;»;
3) 39-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;»;
4) 53-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;»;
5) 54-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
6) 55-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
7) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
8) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
9) 71-баптың 3-тармағының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;»;
10) 79-баптың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;»;
«3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;»;
11) 110-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.»;
12) 8-бөлімнің және 30-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар
30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау»;
13) 151-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер»;
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiндегi меншiк түрi бойынша өлшемшарт;
2) пайда алушылар бойынша, егер экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық, егер экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - жергiлiктi ретіндегі өлшемшарт республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды айқындау өлшемшарттары болып табылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды республикалық ретiнде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өлшемшарттардың бiрiне сәйкес келуі жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемшарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы «инвестицияларды немесе» деген сөздерден кейін «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.»;
14) 154-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.»;
15) мынадай мазмұндағы 154-1, 154-2, 154-3 және 154-4-баптармен толықтырылсын:
«154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
1. Мемлекеттік бюджеттен шығыстар көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын бюджеттік бағдарлама әкімшісі әзірлейді және осы Кодекстің 152-бабында көзделген инвестициялық ұсыныс кезеңінен өткізбей, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы салалық сараптамаға жатады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды дайындайды.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тұжырымдамасының орындылығы туралы экономикалық қорытынды негізінде үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) бюджетті әзірлеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және сараптама жасау;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;
3) шартқа қол қою.
5. Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
154-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар қажет болған жағдайда айқындаған заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тұжырымдамасының негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар қажет болған жағдайда республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына талдау жүргiзу және оны пысықтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады.
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.
4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастырады.
154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларды әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.
7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
3. Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады, ол мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.