Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи монополиялар
субъектiлерiнiң қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 9-III Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағындағы "қатынастарды реттейдi" деген сөздер "қатынастарға қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бап мынадай мазмұнда жазылсын:
"3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмiленi қоса алғанда, күшiне орай әсер ету мүмкiндiгі бар (берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде оның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектiсiнiң осындай құқығы бар кез келген тұлға;
2) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы);
3) уақытша төмендету коэффициентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
4) жалпыға бiрдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектiлерi жұмысын жүзеге асыратын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;
5) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) он және одан да көп процентiн иеленушi, келісім нәтижесiнде бiрлесiп тiкелей немесе жанама шешiм белгiлеуге және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;
6) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы;
7) табиғи монополия - қызметтердiң белгiлi бiр түрiн (тауарлардың, жұмыстардың) өндiру мен ұсынудың технологиялық ерекшелiктерiне байланысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) осы түрiне сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiк жағдай жасау мүмкiн болмайтын немесе экономикалық жағынан тиiмсiз болатын қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйi;
8) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтердi жасауға, қазiргi бар активтердi кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгі құралдарын техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын қаражаттарды салу және қайтару бағдарламасы;
9) инвестициялық жоба - жаңа өндiрiстердi салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
10) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектiлерде көрсетiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бiр инвестициялық жобаның шеңберiнде бекiткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейiн қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шектi деңгейi;
11) қысқа мерзiмдi кезең - бiр жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;
12) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтiк сметаларда амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген қаражатты реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;
13) тұтынушы - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
14) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекітілетiн, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
15) жария тыңдау - табиғи монополиялар субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкаларының) немесе оның шектi деңгейiнiң жобасын депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектiлерiн шақыра отырып талқылау рәсiмi;
16) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
17) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;
18) табиғи монополия субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
19) табиғи монополия аясы - жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызмет көрсету (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi;
21) тарифтiк смета - уәкiлеттi орган реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша жыл сайын және (немесе) орташа немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтетiн кiрiстер мен шығыстар баптары, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдерi туралы көрсеткiштер және уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң басқа да экономикалық көрсеткiштерi;
22) техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
23) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
24) қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
25) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қолданатын шаралар.";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Табиғи монополиялар аясы
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):
1) мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөніндегі;
3) электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі;
4) жылу энергиясын өндiру жөніндегі;
5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі;
6) магистральдық темір жол желiлерiнiң;
7) кiрме жолдардың;
8) әуе навигациясының;
9) порттардың, әуежайлардың;
10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;
11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі;
12) су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң;
13) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызмет көрсету жатады.
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
4) 5-бапта:
тақырыбындағы "Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қызметтер көрсетуге және:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген;
табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған жағдайдағы;
күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;
табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;";
4) тармақшада:
"ұсынылған" деген сөз "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ескерiлмеген" деген сөзден кейiн "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен байланысты талап ету құқығын үшiншi тұлғаларға беруге;";
7) тармақшада:
"қызметтер" деген сөздiң алдынан "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"пайдаланған қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздер "реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "қызмет көрсетулерге" деген сөздер "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге" деген сөздермен, "енгізуге тыйым салынады." деген сөздер "немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге тыйым салынады;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";
5) 6-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;";
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына ұсынуға;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;";
6) 7-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;";
3) тармақшада:
"ескерiлген" деген сөзден кейiн "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"жағдайларда," деген сөзден кейiн "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"жағдайлармен" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудi тең жағдайлармен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган бекiткен мерзiмде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге;";
7) тармақшадағы "аудиторлық ұйымдармен (аудиторлармен) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген аудит жүргiзу шартына қосымша талаптарға сәйкес" деген сөздер "осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;";
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
9) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiткен кезде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;";
12) тармақша "қызметтер" деген сөздiң алдынан "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақшадағы "он күн бұрын" деген сөздер "он күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын, "хабардар етуге" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi." деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14)-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) уәкiлеттi орган бекiткен талаптарға сәйкес өз қызметiне:
екi жылда кемiнде бiр рет - қаржылық;
бес жылда кемiнде бiр рет техникалық тәуелсiз сараптама жүргiзуге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға мiндеттi.";
7) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;";
8) 11-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ "қызметтерiн" деген сөзден кейiн "(тауарларын, жұмыстарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн кемсiтпей есептеу әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;";
10) 14-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "реттейтiн" деген сөзден кейiн "және бақылайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "реттеудi" деген сөзден кейiн "және бақылауды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қажет болған жағдайда табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзуге;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұзған жағдайда оларға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар, соның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы ұйғарымдар енгізуге;";
9-1) тармақшадағы "субъектiлерiнiң" деген сөзден кейiн "реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
9-2) және 9-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын өздерi белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
9-3) шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;";
9-4) тармақша алып тасталсын;
9-6) тармақша "субъектiсiнiң" деген сөзден кейiн "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11) және 9-12) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң есебiн бөлек жүргiзу тәртібін бекітуге;
9-8) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополиялар субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
9-9) мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде белгiлеген, сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;
9-10) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу әдiстемесiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуге;
9-11) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiткен кезде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларды және инвестициялық жобаларды iске асыру тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін бекітуге;
9-12) бағалау қызметi саласында табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi органның келісімi бойынша бекітуге;";
11) 14-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн заңсыз арттыруынан және (немесе) нақты орындалмаған жұмыстар құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгізуiмен, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалануынан, тарифтiк смета шығындары баптарын орындаудың бекітілген мөлшерден бес проценттен астам ауытқуынан тұтынушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;";