11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;
12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайларда оларды осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің сөзсіз және дереу орындайтыны туралы жазбаша міндеттемесі;
13) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы орналасқан Қазақстан Республикасының аумағында деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының бар екенін растайтын мәліметтер және құжаттар;
14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;
15) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген құжаттар.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;
3) бизнес-жоспардың және өзге де ұсынған құжаттардың:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметiнiң рентабельдi болатынын;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiсті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызмет жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының бар екенін;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызмет жоспарларына сәйкес келетін есепке алу және бақылау құрылымы бар екенін көрсетпеуі;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне және Корпорацияға жіберіледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi
14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары
1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
2. Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркеуден өткендiгi жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
банкінің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын пайдалану түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
банк органдарының шешiм қабылдау тәртібі.
осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында «банк» деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттік» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
3-1. Ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болуға тиіс.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бірдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған еншілес банктерге қолданылмайды.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банктiң жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды орналастыру есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:
1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, банктің бағалы қағаздары мен өзге де ақшалай міндеттемелерін банктің жай акцияларына айырбастаған;
2) банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;
2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) осы Заңның 17-2-бабында көзделген жағдайда банктің акцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен төлеген жағдайларда, банктерге қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банктi қайта құрылымдау рәсiмi шеңберiнде және (немесе) осы Заңның 61-10-бабында көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану шеңберінде бағалы қағаздарды банктiң акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлерiне бағалы қағаздарды және (немесе) банктiң ақшалай мiндеттемелерiн оның акцияларына айырбастау арқылы өзiнiң акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берiлмейдi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиіс.
5. Банктiң меншiк капиталын және инвестицияларын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiк капиталы терiс болып табылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Банктiң меншiк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
Уәкiлеттi органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiле отырып, банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бірақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
16-1-бап. Субординарлық борыш
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-2-бап. Мерзімсіз қаржы құралдары
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімсіз қаржы құралдарына жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде елу жылды құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен түсуіне алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме субординарлық борыш бойынша талаптардан кейін, осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-3-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру, сондай-ақ банк шығарған эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының тізіміне енгізу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығарған және (немесе) орналастырған кезде не шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде, уәкілетті органның рұқсаты «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттардан бөлек, қосымша мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:
1) борыштық бағалы қағаздарды шығару шарттарында уәкілетті орган осы Заңда көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ереже қамтылады;
2) борыштық бағалы қағаздарды шығару шарттарында төлемге қабілетсіз банкке осы Заңда көзделген оны реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ереже қамтылады.
3. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шығарған не шығару шарттарында Қазақстан Республикасының резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздар уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған кезде және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде, шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында саудаға түсетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілуі және (немесе) онда болуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз резидент-банкінің міндеттемелерін осы Заңда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп қайта құрылымдаған жағдайда, осы баптың 1, 2, 3 және 6-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банкіне және (немесе) ұйым шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарған және (немесе) орналастырған кезде оған қолданылмайды.
5. Қазақстан Республикасының резидент-банкі не эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген ұйым шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көзделген шарттардың орындалуын растайтын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ақпарат береді.
6. Осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің «Астана» халықаралық қаржылық орталығының аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру жағдайларына қолданылады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарын қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Уәкілетті орган банктің осы Заңның 61-12-бабында көзделген, активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.
3. 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен алып тасталды
4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.
Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.
Осы тармақтың талаптары төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін осы Заңның 61-10-бабына сәйкес мәжбүрлеп қайта құрылымдау жағдайларына қолданылмайды.
5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағының талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағының талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;