2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесіндегі бәсекенi шектеу, сыйақы мөлшерлемелерді, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да бірлестiктер
Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бірлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
11-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 11-1 баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 11-1-бап өзгертілді; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-1-бап өзгертілдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілдi
11-1-бап. Банктер мен банк холдингтерінің еншілес ұйымдары және банктер мен банк холдингтерінің капиталға қомақты қатысуы
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілдi
1. Банк және банк холдингі өздеріне осы Заңның 8-бабымен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті - банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтеріне қолданылмайды. Көрсетілген банк холдингтері еншілес ұйым құрылған не еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестері немесе дауыс беретін акциялары сатып алынған жағдайда, заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органды еншілес ұйымның құрылғаны немесе сатып алынғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Еншілес мекемені құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банкке оның осы Заңға сәйкес өзіне қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды сатып алуымен байланысты қолданылмайды.
Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес.
Бұл шектеу осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген және өздеріне бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған және оларға бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге қолданылмайды.
Банктің еншілес ұйымына:
1) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулерді сақтаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін кепіл ретінде қабылдаған жағдайда олар банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар;
2) жарғылық капиталына банктің қатысуы осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғалар;
3) акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін осы Заңның 52-9-бабында белгіленген банктік операцияларды жүзеге асырған кезде ислам банкі сатып алған заңды тұлғалар жатпайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
3. Банк холдингтерінің еншілес ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес банктерді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтерінің еншілес ұйымдарын қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда - еншілес ұйымның құрылтай құжаттары;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) еншілес ұйым құрылған жағдайда, оны құру туралы шешім не еншілес ұйымды иеленген жағдайда, оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда), сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда - лицензияның көшірмесі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер қоса берілуі қажет.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қойылатын талаптары айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;
6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы есепті кезеңге қаржылық есептілігі;
9) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер қоса берілуі қажет;
Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын жағдайларға қолданылады;
12) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат;
14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды сатып алу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса берілуі қажет.
5. Банк және (немесе) банк холдингі соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.
6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымда осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9), 14) және 15) тармақшаларында, 47-1-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау негіздер болып табылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
8. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауға тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмаған кезде басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған кезден бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап:
1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;
2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (иеленген) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге;
3) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулер сақталған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банк кепіл ретінде қабылдаған, заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері өздерінің меншігіне өткен жағдайда банктерге қолданылмайды.
Ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) сатып алған жағдайда, оның ұйымдар капиталына қомақты қатысуына уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздері капиталына қомақты қатысатын ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың органдары шешім қабылдаған, не сот көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банк және (немесе) банк холдингі ұйымға тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығарған;
5) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе банк және (немесе) банк холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішті берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда банк және (немесе) банк холдингі көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) алты ай ішінде осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
14. Осы баптың талаптары:
1) банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде еншілес ұйымды құру (сатып алу) жағдайларына;
2) мына талаптардың бірін орындаған кезде:
банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банктің басқа банк акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)