астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;
астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе банктің жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы банк шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның банкке осы Заңның 47-2-бабының 1-тармағында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндетті шартты орындау туралы талап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылады.
7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе банк филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын көбейту немесе банк филиалы үй-жайларының санын азайту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған немесе оның үй-жайларының саны азайған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үй-жайларының санын азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың осындай шешімінен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді көшірмені ұсынуға міндетті.
8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.
9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:
1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) Корпорацияның белгісі мен мөрі соғылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;
4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;
5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Қазақстан Республикасында бейрезидент-банктердің филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілгені туралы хабардар етуге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өкілдігінің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі Корпорацияда (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеуші органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын Корпорация құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Осы баптың 6, 7, 8-1, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент-банкінің филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін және бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайын не өкілдігін жабуды талап етеді.
Уәкілетті орган осы баптың 2, 8, 9 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, банкке қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының талаптары осы Заңның 61-4 және 61-11-баптарында көзделген операцияны жүргізу нәтижесінде, сондай-ақ банкке басқа банкті біріктіру нысанында оны қайта ұйымдастырған кезде банктің филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді ашуына және (немесе) жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайда орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын ұлғайтуға байланысты оған қолданылмайды.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 3-тараудың тақырыбы алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 28.03.03 ж. № 399-II; 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара);03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 09.07.03 ж. № 482-II Заңымен 30-бап толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертiлдi
30-бап. Банк қызметі
1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
2. Банк операцияларына:
1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4) банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5) кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға беріледі;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның, банк болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беруі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары;
10) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
11) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында, 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беруі жөніндегі қызмет банк операцияларына жатпайды.
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Банктерге осы бапта көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.
Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Ұлттық пошта операторы уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін жүргізуді банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай:
1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;
2) осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым лицензиясыз жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиясы болғанда жүзеге асырады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi береді.
Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операциясына арналған лицензия банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде - қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде - өзге ұйымдарға беріледі.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді
6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым, орталық депозитарий аталған заңды тұлғаларда осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асырады.
Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізеді.
Банктер болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Мемлекеттік органдар, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-1. Айрықша қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.
8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде банктерге және жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялар алуына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, банктік қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көрсетілген операцияларды банктерден басқа, құжаттандырылған нысанда шығарылған қаржы құралдарын сақтау жөніндегі қызметтерді көрсету мақсатында орталық депозитарий жүзеге асыруға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен - брокерлік;
2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;