"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына микрокредиттік ұйымдар қызметінің мәселелері
бойынша толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 28
наурыздағы № 399-II Заңы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
Қазақстан Республикасының